Қалай кешірген жөн?

Dalanews 27 нау. 2015 03:42 1012

Татьяна АМВРОСИМОВА, психолог

Сенің жасың үлкен ғой, ақылың бар еді ғой, сен оны кешіргін. Бұл сөздерді жиі естиміз. Ал психологиялық әдебиетті оқуға құмар жандар өздерін ренжіткен адамдарды кешіру үшін авторлар ұсынған тәсіл бойынша ақ параққа сансыз рет «мен сені кешіремін» деген сөздерді жазып, әлекке түсетіні бар. 
Псих
Өзіңе өзің зорлық ету маған ұнамайды. Ашуға булығып, кеудеңді реніш кернеп тұрғанда, өзіңді өзің басып, кешіруге тиіссің деу – сезімдерді бұғауға салып, оларды өлтіру қаншалықты мүмкін?! Ашуды, ренішті қайда қоямыз? Әрине, іштей тынып, кек сақтап, өкпеңді тереңдеу етіп көміп тастауға болар. Бірақ, кез келген өлік иістенетіні бар ғой. Сол сияқты өлтірдім деген өкпеңіз ерте ме, кеш пе, сіздің өміріңізге қайтып оралады. Психосоматикалық сипат алуы кәдік. Тұмау немесе асқазанның ойық жарасы сияқты. Болмаса, қайдан келгені белгісіз күйзеліс ретінде. Өмірдің мағынасыздығын паш етіп, іш пыстыруы мүмкін. Өмірге деген құштарлық азапты ар азабына ұласуы да ықтимал.
Өткен шақ туралы айтар болсақ, денсаулық үшін сезімдерді өлтіру емес, олардың шығу тегін түсіну, неге солай болғанын таразылау маңызды. Қандай сезімді бастан кешіргенімізді білгеніміз дұрыс. Ашу ма? Жақсы. Сол ашуландырған адамнан не қалайтынымызды білуіміз керек. Оны аяқпен тепкілеп, жалынышты үнмен кешірім сұрағанын естігіміз келе ме? Оның бетіне қарап, қандай ақымақ екенін айтқымыз келе ме? Мұндай қарсылық зілі бар сезімдер әркімде де болуы мүмкін. Ашуға булыққан кезде оны сыртқа шығарып алған жақсы. Жастықты ұрғыштап алыңыз. Қолыңызға қалам алып, хат жазыңыз. Жібермесеңізде жеңілдеп қаласыз. Жіберсеңіз де еркіңіз. Ең бастысы – ашуыңызды түбі сарқылғанша шығару. Барлық қарсылық пен өкпені айтып жеткізу. Осылай істеп отырғанда «мұны неге істеп жатырмын, ол мені бәрібір естімейді ғой» деген ойға қалатыныңыз сөзсіз. Сыртымнан ақымақ секілді көрініп тұрған шығармын, әдепті адамдар бұлай істемейді ғой деп өз өзіңізге тоқтау саларсыз, бәлки... Сыртқа шыққан ашу – көп уақыттан бері сізге маза бермей, түн ұйқыңызды қашырып, жан тыныштығыңызды ұрлаған беймаза көңіл-күй. Егер жағдайды ушықтыра бермей, қарым-қатынасты реттегіңіз келсе, уақыт созбай сол адаммен сөйлескеніңіз абзал. Шеріңізді тарқатқаныңыз жөн. Ашуды тұншықтырып, өтірік кешіргеннен сіздің жаныңызға ешбір жеңілдік келмейді.
Бойыңыздағы сезімдер тасқыны таусылған сәтте барып, кешіруге жүрегіңіз ашылады. Бәрі артта қалды, бәрі бітті деген сезімді бастан кешіресіз. Егер әрбір қайғы-мұң сыйлаған сәттерді эмоциямен білдіріп, өткеріп отырса, оның эмоциялы заряды таусылады. Көркем фильм қалай бітсе, сіздің ашуыңызда солай сарқылады. Гештальт-терапия тілімен айтқанда, біз гештальтты жауып, қарым-қатынас топтамасының жаңа беттерін ашамыз. Ал егер сезімдерді көрсете отырып, шын жүрекпен кешіру мүмкін болмаса, онда сіздің ашуыңыздың шығу тегі мүлде басқа болғаны. Оның тереңдігіне тек психолог маман ғана бойлай алатын шығар.

Аудаған Шынар ӘБІЛДӘ


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар