Әл-ФарабиатындағыҚазҰУ, шығыстануфакультетінің оқытушылары мен студенттері сәуір айының он бесінші жұлдызында Алматы қаласы бойынша ұйымдастырылған қалалық сенбілікке қатысып, тазалықткүнін өткізді. Түске дейін өзіміздің оқу корпусымыздың іші-сырты, көше, аулаларда тазалық жұмыстарын жүргіздік, түстен кейін осы сенбілікке жоспарланған ең маңызды шарамызды іске асыруға кірістік. Университетімізде жыл сайын орындалатын “Айналаңды нұрладыр” жобасы аясында қалалық “Мүмкідігі шектеулі және жетім балалар” үйінде тазалық жұмыстарын өткізуді қолға алдық. Біз осы ұжымның басшылығымен сөйлесіп өзіміздің қандай көмек көрсете алатынымызды сұрағанымызда, мектеп ұжымы өздерінің ақыл- кеміс балалардың физикалық жұмыстарды істеуі қиын екенін, мүмкін болса мектеп ауласына тазалық жүргізіп, балалармен ойын ұйымдастырып, қуаныш силауымызды өтініп сұраған еді. Сол себепті біз жарты күн уақытымзды осы мектеп ауласын тазалап және мектептің тәрбиеленуші жеткіншектерімен түрлі ойындар ұйымдастырып, қолда келгеше көңілдерін көтеруге тырыстық. Шын мәніде осы жолғы сенбіліктен студенттер мен оқытушылар ерекше әсерленіп қайтты. Сәби балалардың қуанышты күлкінен артық қандай қуаныш болсын. Бір жағынан балар мен мектеп ұжымының бізге қайта-қайта айтқан алғыс сөздері жанымызды нұрландырып, көңілге қуаныш силаса, екінші жағынан жетім балалар мен ақыл-есі кем, мүмкіндігі шектеулі балалардың мұңға толы көздері мен қатал тағдырға бой ұсынған шарасыз күйлері көңілімізге мұң ұялатып, жүрегімзге ауыр салмақ түсіріп қайттық. Қалай айтсақта “Айналаңды нұрландыр” жобасы аясында өткізген кезекті іс-шарамыз оқытушылар мен студенттердің өмірідегі ең бір есте қаларлық және өнеге аларлық бір сенбілік болдыдеп ойлаймын!!!
Әл -Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының
Оқытушысы Шәріпқазы Нұртәліп
Оқытушысы Қалиолла Ардақ
4 курс студенті Скатова Диана