Қай өңірлерде аптап ыстықтың беті қайтады?

Қай өңірлерде аптап ыстықтың беті қайтады?
ашық дереккөз

Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, аптап ыстық бәсеңдейді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ел аумағындағы ауа райына солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттар ықпал етеді. Осыған байланысты көптеген өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

Синоптиктердің болжамынша, 25 маусымда елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде, 25-26 маусымда шығыс өңірлерде, ал 26-27 маусымда батыс пен солтүстік-батыста нөсер жауын жауады.

Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтарда аптап ыстық бәсеңдеп, күндіз ауа температурасы +23...+28 градус аралығында болады.

Ал оңтүстік пен шығыс өңірлерге Ашхабад маңынан жылы ауа массалары ығысады. Соның салдарынан бұл аймақтарда күн ысып, ауа температурасы +33...+38 градусқа дейін көтеріледі. Кей жерлерде +40...+42 градусқа дейін жетуі ықтимал.