Қадыров тағы бір туысын жоғары лауазымды қызметке тағайындады

Көркем Алдабергенова 06 там. 2024 09:15 2459

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров тағы бір туысы - Иса Ибрагимовті мәдениет министрі қызметіне тағайындады, - деп хабарлайды Dalanews.kz "Кавказ.Реалии" басылымына сілтеп.

Басылым мәліметінше, мамырда Ибрагимов Шешенстан Үкіметі мен әкімшілік басшысының орынбасары болды. 

Жаңа тағайындау туралы "Грозный-информ" мемлекеттік ақпараттық агенттігі хабарлаған. 

Иса Ибрагимов 18 жасынан бастап әкімшілік қызметтерді атқара бастаған. Ең алғаш Қадыров оны вице-премьердің көмекшісі етіп тағайындаса, кейіннен Ибрагимов жастар ісі жөніндегі министр болған. 

Сонымен қатар, Иса Ибрагимов дене шынықтыру және спорт министрі болды.Артынша Қадыров бұл министрлікті басқаруға ұлы Адамды әкелді. 

Айта кетейік, 2021 жылға дейін мәдениет министрлігін Қадыровтың үлкен қызы Айшат Қадырова басқарған. Айшат вице-премьер болып тағайындалып, министр қызметінен кетті. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар