Украина президенті Владимир Зеленский Чернобыль атом электр станциясына жасалған ресейлік шабуылға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Зеленскийдің айтуынша, Ресей әскери дронын өте төмен биіктікте ұшырған, сондықтан оны радарлар анықтай алмаған.
«Радарлар мұндай биіктіктегі дрондарды көрмейді. Бұл олардың мұны әдейі жасағанын көрсетеді. Дрон бағытын кездейсоқ өзгерткен жоқ. Шабуыл дәл саркофагқа бағытталды, әрі бұл қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясының басталған күніне сәйкес келді. Бұл – Ресей Федерациясы мен Путиннен келген анық белгі», – деді Зеленский Мюнхендегі баспасөз мәслихатында.
Чернобыль АЭС – 1986 жылы жарылыс болған тарихи нысан. Зеленский бұл шабуылдың астарында геосаяси месседж барын меңзеп, халықаралық қауымдастықты әрекет етуге шақырды.