Ресей президенті Владимир Путиннің Марьялахти шығанағындағы резиденциясының суреттері мен видеолары тарады. Түрлі БАҚ мәліметінше, үш заманауи үйден тұратын резиденцияда екі тікұшақ алаңы, бірнеше яхта пирсы, ханбалық фермасы және мәрмәр сиыр етін өндіруге арналған сиырлары бар ферма бар, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Азаттық радиосының" мәліметінше, резиденция аймағы да кішкентай емес: құжат бойынша – 1 шаршы километр. Бірақ қоршалған ормандар мен шығанақтарды есепке алғанда жалпы аумақ төрт шаршы шақырымды алып жатыр.
currenttime.tv
Резиденция аумағына "Ладожские шхеры" ұлттық паркінің құрамындағы Марьялахти төрт метр сарқырамасы да кіріп кеткен. Енді сарқырамаға өзге адамдарға баруға шектеу енгізілген. Резиденцияны зерттегендердің сөзінше, сарқырамаға қарама-қарсы жерде Путин отырып демалуы үшін самалжай қойылған.
Путинде Карелияда резиденция бары туралы 2016 жылы "Дождь" телеарнасы хабарлаған болатын. Ресей президенті резиденцияның құрылысын Санкт-Петербургтегі миллиардер достарына, оның ішінде Юрий Ковальчукке сеніп тапсырған. Жергілікті тұрғындар Путин "солтүстік резиденциясына" жылына кемінде бір рет Валаам монастріне барғаннан кейін келіп тұратынын айтады.
Резиденция 10 жыл бойы салынған. Оның сыртқы көрінісінен фото және видеолар болғанымен, ғимараттардың ішінде не бары әлі күнге дейін белгісіз.
Ресейлік БАҚ мәліметінше, олигарх Роман Обрамович Путиннің "көршісі" болып шыққан. Абрамовичтің резиденциясы Путиннің Марьялахтидегі резиденциясының жанында көрші орналасқан екен.
24tv.ua