Қорғаныс министрі қайғылы қазадан бір тәуліктен соң ел алдына шықты

Қорғаныс министрі қайғылы қазадан бір тәуліктен соң ел алдына шықты
Скриншот

Қорғаныс министрі Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, кінәлі тұлғалар заң аясында жауапқа тартылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Министрдің айтуынша, ведомство қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларымен тұрақты байланыста. Оларға қажетті көмек пен қолдау көрсетіліп жатыр.

«Біз қаза тапқандардың отбасыларымен тұрақты байланыстамыз және оларға барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетіп жатырмыз», – деді Қорғаныс министрі.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Министр кінәлі тұлғалар жауапкершіліктен жалтармайтынын атап өтті.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда. Кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылатын болады», – деп атап өтті министр.