Путиннің достары: Қазақстандағы маңызды жобаға ресейліктердің қандай қатысы бар?

Путиннің достары: Қазақстандағы маңызды жобаға ресейліктердің қандай қатысы бар?
devprom.ru
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстандағы ірі жобаға ресейліктердің қандай қатысы барын айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстандағы ірі жобаға ресейліктердің қандай қатысы барын айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Оның сөзінше, елдегі жылу электр орталықтарын ресейлік компания салады. Осылайша Көкшетауда, Семей мен Өскеменде жылу электр орталықтары пайда болады.

Үкімет басшысының орынбасарының сөзіне сүйенсек, ресейліктер ЖЭО-ны өз қаржысына салады. Негізгі жауапкершілік "Интер РАО" компаниялар тобында. Бұл компанияның Еуропадағы бөлімшелеріне санция салынған. Оған себеп басшыларының Путинмен жақын байланысы бар.

"Самұрық Энерго" және ресейлік "Интер РАО" компаниясы арасында келісімге қол қойылған. Жобада Ресей Федерациясының технологиялары қолданылады.

Ал жобаға салынған ақша Табиғи монополияларды реттеу комитеті бекітетін тариф есебінен қайтарылады екен.

"Ол жерде (ЖЭО-да) зейнетақы қорының қаржысы қолданылмайды. Шетелдік инвесторлардың қаражаты пайдаланылады және олар табиғи монополияларды реттеу комитеті бекітетін тариф есебінен қайтарылады. Келісімдерге "Интер-РАУ" компаниясы мен осы станцияларды бірлесіп салатын "Самұрық-Энерго" компаниясы қол қойды. Бірақ инвестиция "Бәйтерек" холдингінің қаржысынан түспейді. Мен мұны басып айта аламын", - деді Скляр.