Ресей президенті Владимир Путиннің жақын досы, виолончельші Сергей Ролдугин Астанада концерт береді, – деп хабарлайды Dalanews.kz. Мaitanov_online арнасына сілтеме жасап.
2022 жылдың ақпанында Еуропалық Одақ Владимир Путинмен қоян-қолтық араласатын Ролдугинді кәсіпкер ретінде танып, оған санкция салған болатын.
Бұған дейінде ЕуроОдақ елдері Ролдугин «Путиннің қаржылық схемасының бір бөлігін басқаратынын» айтып келген-ді.
Оның кемінде 5 оффшорлық компаниясы бар екені белгілі. «Путиннің әмияндарының» бірі саналатын Сергей Ролдугин өзінің активтерін «Россия» банкінде сақтайды.
The New York Times 2014 жылы Ролдугин Путиннің үлкен қызы Марияның өкіл әкесі екенні жазған болатын.
Ролдугиннің концерті «Астана Опера» театрында 23 ақпанда өтеді деп жоспарлануда. Путин бастаған басқыншылар 2022 жылы 24 ақпанда Украинаға басып кірген болатын.