Qazaq Gaz осының есебінен еліміздің шығыс өңірін газдандырып алмақ.
"Шығыс Қазақстанның территориясын түгел қамтитын транзиттік бағыт тек осы өңірмен шектеліп қалмай, оған жапсарлас орналасқан аймақтарға да септігін тигізеді. Жобаның кем-кетігі жоқ, екшеліп-текшелді, есеп-қисабы жасалды...", - дейді Qazaq Gaz-дағылар.
Ресейлік компания қазақтардың ұсынысын бірден қабыл алмай, ойланып-толғануға мұрсат сұрапты.
Есесіне ресейлік телеграм-арналар малақайын аспанға атып, алақай жаңалықты Путиннің кезекті жеңісіне балауда.
"Бұл келісім екі елдің Үкіметі деңгейінде әлдеқашан шешілген. Қазақтардың теріскей пен шығысты өз газымен қамтамасыз ететін қауқары жоқ. Әдеттегідей, біз оларға қол ұшын созамыз...", – дейді ресейлік пропаганда.
Батыс жаңарақта ғана "Газпромның" бірнеше топ -менеджерін санкциялық тізімге енгізді.
Dalainside арнасы мұны "Газ одағын" құрудың бастамасы деп санайды. Бұл дұрыс па, бұрыс па дегенді оқырманның еркіне қалдырайық.
Айтқандай, бүгін Ресейдің "Дружба" құбыры арқылы қазақ мұнайының алғашқы партиясы Германияға жөнелтілді.
"ҚазТрансОйл" 20 мың тоннадан асып жығылатын мұнайды "Дружбамен" қуалап әкеп, Польшадағы "Адамов заставасы" қабылдау пунктіне жеткізіп береді.
Ресей бұл транзит үшін тәп-тәуір төлем алады, әрі мұнай құбыры да қаңырап тұрмайды.
Ал, "Газ одағының" жай-жапсарын алдағы күндері айтатын боламыз. Арнаға тіркеліп алыңыз?
Dalainside арнасы