Алматыда итке қатыгездік көрсеткен әйел полицияға жеткізілді

Алматыда итке қатыгездік көрсеткен әйел полицияға жеткізілді
Фото: видеодан скрин

Алматыда қоғамдық көлік жолаушыларының көзінше итке қатыгездік танытқан әйел полицияға жеткізілді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Криминальный Казахстан мәліметінше, оқиғаны №52 автобустың жолаушылары видеоға түсіріп алған. Куәгерлердің сөзінше, әйел балағат сөздер айтып, итке "фас" деп бұйрық берген. Жануардың үсті су әрі лас болған.

Кейін әйел автобустан түсіп, көшеде итті тұншықтырып, тепкілей бастаған. Өтіп бара жатқан адамдар оны тоқтатуға тырысқанда, әйел итті соларға қарай лақтырған.

Оқиғаға куә болған бірнеше жігіт жануарды әйелден алып қалған. Олар итке тамақ беріп, ветеринарға апарған. Қазір жануарға жаңа иесі іздестіріліп жатыр.

Оқиғадан кейін әйел полиция бөліміне жеткізілген.