Путинді сотқа берді

Dalanews 08 сәу. 2016 04:05 967



7 сәуір күні Саратов Арбитражының Николай Суворовтың "Ресейді тонағаны үшін" Путинді отставкаға кетіру жөніндегі өтінішін қабыл алып, тіптен алдын ала сот отырысының мерзімін де тағайындағаны белгілі болған еді.





Алайда Саратов облыстық арбитраж соты Балаково қаласының тұрғыны Николай Суворовтың президент Владимир Путинді қызметінен кетіру жөніндегі шағымын өндіріске алудан бас тартқан. Бұл жөнінде соттың анықтамасында жазылған.

Сот анықтамасында мемлекет басшысында құл сұғылмаушылық имунитеті бар екенін, оны қызметінен кетіру соттың құзырына кірмейтіні жазылған. Ел Конституциясының 4-тарауында президентке тиісті өкілеттік берілген, оның қызметіне сот, Арбитражды сот араласа алмайды делінген.

Алдын бейсенбі күні Саратов облыстық арбитраж соты Суворовтың Путинге қатысты арызын қабылдап, алдын ала отырысты 28 сәуірге белгілеген еді. Балаково тұрғыны Путинді "халық жауы ретінде, олигархтардың досы ретінде Ресейді тонағаны үшін, шенеуніктерді, банкир, миллиардер-тонаушыларды байытқаны үшін" биліктен кетіруді талап етіп арыз жазған.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар