Путин 400-ге жуық халықаралық келісімді бұзып, агрессорға айналды, – Владимир Зеленский

Dalanews 12 мау. 2022 15:29 711

Дания астанасы Копенгагенде Демократияны қолдау форумында видеоүндеу жасаған Украина президенті Владимир Зеленский соғыс басталғалы бері демократиялық елдер сөзбен ғана емес, нақты іспен көмек көрсетіп жатқанын айтты. Сонымен қатар Зеленский агерссорға айналған Ресейге қарсы қысымды күшейте керек екенін айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Владимир Зеленский самитте жасаған видео үндеуінде соңғы жылдары Кремль халықаралық заңдар мен келсімшарттарды толықтай бұзып, демократиялық құндылықты ту етіп көтерген Батыс елдеріне үлкен қауіп-қатер төндіргенін алға тартты.

Оның ойынша, Путиннің еркінсігіне сонша ол Украианаға басып кіріп, бейбіт халықтың қанын төгіп жатқанын алға тартты.


– Ресей соғыс басталғалы бері 400-ге жуық халықаралық келсімді бұзып, таза агрессор елге айналды. Ресей БҰҰ-ның Жарғысын. БҰҰ-ның терроризмді қаржыландыруды қарсы Конвенциясын, БҰҰ-ның соғыс кезіне мәдени құндылықтарын қорғау Конвенциясын, Еуропаның адам құқығын қорғау конвенциясын, Хельсинк хаттамасын, Будапешт меморандумын,  Еуропалық кеңестің Жарғысын айықасты еткенін көзіміз керді. Сол себепті ЕуроОдақ елдері Ресейге қарсы санкцияларын күшейтіп, экономикалық қысымға алуы керек, – деді Владимир Зеленский.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар