“Пустынное” кен байыту комбинатында жұмысшы қаза тапты

“Пустынное” кен байыту комбинатында жұмысшы қаза тапты
Фото: depositphotos.com

"Пустынное" тау-кен байыту комбинатының аумағында адам өліміне әкелген өндірістік жазатайым оқиға болды. Бұл туралы "АК Алтыналмас" компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қайғылы жағдай 23 шілде күні сағат 11:30 шамасында кәсіпорынның өндірістік нысандарының бірінде болған. Оқиға салдарынан конвейер машинисі Кәрім Рымбаев қаза тапты.

Қазір жазатайым оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын уәкілетті органдар анықтап жатыр.

Компания өкілдері марқұмның туған-туыстарына, жақындары мен әріптестеріне көңіл айтып, оның отбасына қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді.