Президенттің жолдауы: депутаттар тағы Астанада бас қосады

Сағыныш Сардарова 05 қыр. 2025 17:33

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2025 жылғы 8 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын", - деп жазылған өкімде.  

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте өтетін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялайды.

Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдар басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысады.

Мемлекет басшысының жолдауы сағат 11:00-ден бастап республикалық телеарналардан, сондай-ақ, Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар