Президенттің "экономист басшылардың жұмысына орташа баға бердім" дегені нені білдіреді?

Кәмшат Тілеухан 05 қаң. 2025 10:43 1073

2025 жылдың 3 қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Ана тілі" басылымына "Мақсатым - экономиканы және егемендікті нығайту" атты мақаласы жарық көрді. Өз мақаласында Президент экономист басшылардың қазіргі жұмысын орташа деп бағалайтынын айтады. Бұл нені білдіреді? Оған қатысты Мәжіліс депутаты, Экономикалық реформалар және өңірлерді дамыту комитетінің мүшесі Никита Шаталовтың пікірін ұсынамыз, деп жазады Dalanews.kz.

"Біздің экономикамызда бірқатар проблемалар бар. Әдетте, біз өсімді бюджеттік шығыстармен/жеңілдіктермен қамтамасыз етеміз әрі ол артынан Ұлттық қор өтеуі тиіс болатын тапшылықты тудырып жатады. Бюджет ақшасы, мысалы, инфрақұрылымдарға тікелей транш ретінде немесе несие мөлшерлемесін субсидиялау ретінде жұмсалады. Онда да бұл ретте кәсіпкерлердің шектеулі тобы қолдауға ие болады. Бұл саясат бір жағынан түсінікті. Бұл арада мәселе сыбайлас жемқорлықта да емес, қайта сақтандыру жайында. Яғни, ақшаны жағдайы белгілі, сенімнен шыға білген адамға беру оңайырақ, тіпті егер ол өндіріс емес, мейрамханалар ұстаса немесе қандай да бір қызмет көрсету саласында болса да. Міне, осы жағдай жақын күндері өзгереді", - деп жазады ол Telegram-дағы арнасында.

Депутаттың пікірінше, екінші жағынан, экономиканың барлық қалған секторы "нарық заңдылығымен" өмір сүреді, яғни Ұлттық банк белгілеген сыйақы мөлшерлемесі бойынша несиелер алады.

"Ал, шынын айтар болсақ, іс жүзінде оны да алып жатқан жоқ, себебі корпоративтік несиелеудің тоқырауға ұшырап жатқанына бір жылға жуық уақыт болды, оның ішінде инфляция мен Ұлттық банк төмендетуді қарастырмайтын базалық мөлшерлеменің жоғары болуына байланысты, өйткені реттеуші органның ақша-несие саясатына ықпал етуші басқа құралы жоқ. Бұл жағдайда екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) тұтынушылық несиелендірудің арқасында ақша табуда, өйткені аталған бағытта сұраныс әлі де жоғары және ішінара субсидияланған несиелер сыйақысы есебінен пайда табады, өйткені олардың үстіне 2% қояды", - дейді ол.

Шаталов бұл ретте ШОБ 30%-бен несие алуға мәжбүр, ал ірі бизнес өз қаражаты мен субсидияларына ғана емес, сондай-ақ компания басшылығының қаржы холдингтерімен үлестес болуына байланысты "ерекше" шарттарға ілінеміз" деп ЕДБ-ларға арқа сүйейді. Бұл арада айналымдағы қаражатын толықтыру жайын ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіп пен құрылыстағы ірі жобалар туралы да сөз болып отыр.

"Негізі, бұл жағдайдың өзі жаман емес, бірақ ол бәсекелестікті шектейді және мемлекет ШОБ-қа қарай бағыт-бағдар алуы тиіс, өйткені жұмыспен қамту және кіріс өсімдері бар ол арада. Субсидиялар осы секторға да бағытталуы керек, бірақ тәуекелі, әрине жоғары. Сонда ғана орташа компаниялардың санын арттыруға болады. Біздің жағдайымызда субсидиялауды толығымен тыйып тастау мүмкін емес екені белгілі. Ондай жағдайда өнеркәсіп пен энергетика секторын жаңғырту процестері тоқырайды, ауыл шаруашылығы да халықаралық нарықтарда бәсекеге түсе алмай қалады, ЖІӨ құрылымында ШОБ үлесі мардымсыз күйде болады. Бірақ инфляцияға әсерін мардымсыз ету үшін оны керекті адамына, керекті саласына тура жететіндей ету керек. Сонда өсім жақсы болады, оны қолдау үшін бюджеттен шығатын шығыстар да көп болмайды.  Осы уақытқа дейін бұл статус-кво өзгерген емес, олар экономика құрылымының өзгеруі түріндегі жаңа нәтижеге сүйене отырып, ескі ережелерге сәйкес жұмыс істегенді жөн көріп келді. Осы мәселе шешімінде жаңа тәсілдердің жоқтығы, менің ойымша, Мемлекет басшысы өз сұқбатында атап өтті", - дейді ол.

Реформалар әрқашан ойын ережелерін өзгерту болып табылады. Сондықтан, оның айтуынша, экономикада да көп нәрсе істеу керек: Үкімет пен Ұлттық банктің қарым-қатынасын қалыпқа келтіру, функцияларды оңтайландыру арқылы квазимемлекеттік сектордың қатысуын азайту, көптеген салаға нарықтық тарифтерді қайтару, қоғамның зардап шеккен топтарына шығынды атаулы қолдау арқылы өтеу, ресурстарға, оның ішінде шикізаттарға қолжетімділікті арттыру және оны ашық ету.

"Бұл бизнеске әкімшілік қысымды төмендетуге, бюджет шығыстарын оңтайландыруға және сыбайлас жемқорлық аясын тартылуға мүмкіндік береді", деп түйіндейді өз сөзін депутат.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар