Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевқа
Көшірмесі: ҚР Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовке,
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы,
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс Агенттігі
Қазақстан Республикасының
Есеп комитеті
Үкімет, 2003 жылдан бері Жер Кодексінде қаралған елге тиісті жерлерін бермей, оның орнына шет елге (Қытайға) 1,7 млн га жерді 25 жылға жалға беруге жоғарыдағы заңға енгізген өзгеріс қоғамда дау тудырып, әлеуметтік-саяси дағдарысқа ұласты. Елдегі шерулер мен әкімшіліктердің алдын қаптаған жер кезегіндегілер осының айғағы.
Сонымен қатар, Ұлттық компаниялар (ҚМГ қарызы $18 млрд, ҚТЖ- $7 млрд…) мен парктерді жасанды банкротқа ұшыратып және кенорындарын он-жүздеген есе арзанға сатып отырған Үкімет ел сенімінен айырылуда. Мысалы, 49 кенорынын (алтын, мыс т.б.) 1,5 млрд теңгеге яғни әрқайсысын $89 мың — бір автокөліктің құнына сатты.
Жоғарыдағы жағдайларды ескеріп және елдегі бірлік, экономикалық және саяси тұрақтылықты сақтау мақсатында Үкіметтен келесі мәселелерді жақын арада шешуді талап етеміз:
І. Жерді халыққа беру:
- Жер Кодексіндегі (2003ж.) қала тұрғындарына 10, ауылдықтарға 25, бау-бақшаға және саяжайға 12 соткадан жер беруді (оралмандар соның ішінде) Үкімет пен әкімдер маусымның 14 күнінен бастап жылдың аяғына дейін бітірсін;
Жер алуға тиісті азаматтар өз талаптарын аяғына дейін жеткізеді деп сенеміз.
Бұл мәселе мораторийға тікелей қатысы жоқ, Үкіметтің уақытылы орындамаған істері. Ол, Жер Комиссиясының жұмысына кедергі келтірмеу үшін және жер мәселесін ушықтырмау мақсатында, осы хатта белгіленген уақытта атқарылуы тиіс!
ІІ. Ұлттық компаниялар мен парктердің және стратегиялық объектілердің акцияларын халыққа беру, тиімді сату және мемлекет меншігінде қалдыру. Үкімет пен қоғамдық ұйымдар (тізімді өздері ұсынады) яғни 30х70 құрылған Біріккен Комиссия (БК):
- «100 қадамда» жоспарланған Ұлттық компаниялар мен парктерді сатуды тоқтатып, олардың 40% акциясын халыққа тегін тең бөліп, 20% сату не лизингке беру, қалған 40% акциясын мемлекет меншігінде қалдыруды шешу (маусым-қараша, 2016);
- Барлық кенорындарын ҚР азаматтарына сату не лизингке беру және олардың 51% астам үлесі бар (ол үлес 50 жылға сақталады) компанияларға сату (маусым- желтоқсан, 2016);
- Стратегиялық объектілерді анықтап, олардың акцияларын ІІ.1. баптағы паритет бойынша шешу (қазан-желтоқсан, 2016);
- ҚР-дай дамушы ел — ҚХР-дан әкелетін 52 кәсіпорын экологиялық және жоғарғы технологиялық стандарттарына сай емес және сол елдің 30% жерінің уланып (Ресей, Тәжікстанда да ҚХР компаниялары пайдаланған жер сондай), пайдалаудан шығуы, олар қолданған жерді өлі аймаққа айналдыратынын көрсетеді.
Халықаралық Адам институты, оның орнына а/ш, инновация, индустрияны дамытуға соңғы 50 жылда ғылым, технология, экономикадағы жаңалықтардың 70%-ын ашқан Әлемдік инновациялық Қор және әлемнің ТОП-50 технологиялық компаниялармен біріккен кәсіпорындар ашуды ұсынады.
- Ел экономикасындағы инновацияның үлесі 1%-дан кем (Швейцарияда 62%) болып, экономиканың диверсификацияланбауы, 15 жылда индустриальдық-инновациялық бағдарламаға (ИИБ) ҚР Индустрия және даму министрлігі арқылы бөлінген жүздеген млрд қаржының тиімсіз пайдаланылғаны не ұрланғанын көрсетеді. Құқық және фискальдық органдардан, БК-мен бірге ИИБ мен 49 кенорын сатуды жан-жақты финанстық тексеріп, бағдарламаның осы күйіндегі қажеттілігі, ашылған кәсіпорындардың тиімділігі, жаңа технологияға сай екендігі т.б. саралап өтпелі есепті қыркүйекте, қорытындыны желтоқсанда беруін талап етеміз. Президент әкімшілігінен Есеп комитетіне, осы жобаларды кезектен тыс тексеруге лұқсат береді деп сенеміз.
Жоғарыдағы (І. 1-2, ІІ. 1-4) жұмыстар уақытылы (14.06.16) басталып, атқарылмаған жағдайда Қоғамдық ұйымдар Үкіметке сенімсіздік танытып маусымның 20-сынан бастап ОБСЕ, БҰҰ т.б. халықаралық ұйымдардың қатысуымен бүкілхалықтық референдум жариялайды.
Құрметпен,
«Нұр Отан», «Ақ жол», «Азат», ЖСДП партиялары, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Қазэнержи» қауымдастығы, «Атамекен» ҰҚП, Қазақстан Халықтары Ассамблеясы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясы, Жазушылар одағы, ҚР қаржыгерлер, тәуелсіз кісіпкерлер, ректорлар қауымдастығы, Халықаралық Адам институты (Институт), «Алаш» ҒЗО, Қазақстан ғалымдар қауымдастығы т.б. қоғамдық ұйымдар құрған Мемлекеттік емес ұйым Ұйымдастыру алқасы атынан:
ӘКІМ Жанұзақ – Халықаралық Адам институтының президенті, ҚР Ұлттық
Жаратылыстану ғылымдары Академиясының корр.-мүшесі, Еуропа жаратылыстану
ғылымдары Академиясының мүшесі, Қазақ Ұлттық кеңесі Төрағасының І-ші орынбасары;
СӘБДЕН Оразалы – Қазақстан ғалымдар одағының Төрағасы, ҚР мемлекеттік
сыйлығының иегері, экономика ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясының академигі;
ӘУЕЗОВ Мұрат – М.О.Әуезов атындағы қордың Төрағасы, Қазақстан Республикасының
Төтенше және өкілетті елшісі, ғалым;
ЕЛЕУСІЗОВ Мэлс – Қазақстанның экологиялық Одағы мен кәсіпорындары
«Табиғат» қауымдастығының Президенті;
ТҰЯҚБАЙ Жармахан – ЖСДП Төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері;
ТОҚАШБАЕВ Марат — «Президент және халық» газетінің Бас редакторы, ҚР ПҒА академигі, профессор;
БАТТАЛОВА Зәуреш – «Қазақстанда парламентаризмді дамыту» Қоғамдық қорының президенті;
ҚАЛЫБАЙ Жарылқап — «Жұлдыздар отбасы-Аңыз Адам» журналының Бас редакторы;
ЖӘКЕЕВ Ғабиден – Ғ.Мүсірепов атындағы қордың Төрағасы;
ЖҰМАЛЫ Расул – саясаттанушы, дипломат; Қазақ Ұлттық Кеңесі Төрағасының орынбасары;
АБАҒАН Мұқтархан – Кенесары Хан қоғамдық қорының Төрағасы;
РӘБІЛҰЛЫ Жиынбек – заңгер, ақын, қоғам қайраткері.
«Алаш жолы» қозғалысы атынан:
НҰРЫПБАЕВ Мақсат, СҮЛЕЙМЕН Жәнібек, ҚАЙСАРОВ Уәлихан, ОМАРОВ Талғат, ДӘУЛЕТБЕКҰЛЫ Амандық, МАРАТ Уатқан, ҚЫСТАУБАЙ Геройхан – барлығы үш мыңнан астам қол.
Қазақстан зиялылары мен қоғамдық ұйымдары атынан:
Ауған соғысы ардагерлер Қауымдастығы;
Қазақстан суретшілер Одағы;
Қазақстан композиторлар Одағы т.б., 12 республикалық Қауымдастықтар мен Одақтар қолдады.
НҰРПЕЙСОВ Әбдіжәміл – Қазақстанның халық жазушысы, ҚСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
ШАХАНОВ Мұхтар – ақын, ҚР төтенше және өкілетті елшісі, Қазақ Ұлттық Кеңесінің Төрағасы;
ҚИРАБАЕВ Серік – филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі;
ҚАЙДАРОВ Әбуғали — филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі;
АЙТБАЕВ Өмірзақ — филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА
академигі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Төрағасы;
МЫРЗАХМЕТОВ Мекемтас – ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
ӨТЕЛБАЕВ Мұхтарбай — физика-математика ғылымдарының докторы, профессор,
ҚҰА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
ҒАББАСОВ Совет-Хан — медицина және педагогика ғылымдарының докторы,
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет сыйлығының лауреаты,
Халықаралық М.Нострадамус атындағы Академияның академигі;
ҚАБЫШҰЛЫ Ғаббас — жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты,
Қазақстанның құрметті журналисі;
РАҚЫШЕВ Баян – ҚР ғалымдар Одағының вице-президенті, ҚР ҰҒАакадемигі,
ҚазҰТУ кафедра меңгерушісі;
ЖҰМАДІЛОВ Қабдеш – Қазақстан халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
ИСАБЕКОВ Дулат — «Мәдениет» журналының бас редакторы, жазушы-драматург,
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
СМАТАЕВ Софы — жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты;
МЕДЕТБЕК Темірхан – ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
ЕСДАУЛЕТ Ұлықбек – ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
«Жұлдыз» жорналының Бас редакторы;
АРАЛБАЙ Нұғман – биол. ғылымдарының докторы, профессор, «Жаратылыстану ғылымдары және иновациялық технологиялар» ҒЗИ директоры;
КАПЕКОВА Гулнар – Қазақстан ғалымдар Одағының Алматы облысы бойынша филиала директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор;
НЕСИПБАЕВА Калия – тарих ғылымдарының докторы, профессор;
БУРБАЕВА Галия – ғалым, қоғам қайраткері;
ҚҰЛКЕНОВ Мереке – жазушы, қоғам қайраткері;
ҚОЙШЫБАЕВ Бейбіт— тарих ғылымының кандидаты, «Әділет» тарихи- ағарту
қоғамының президенті;
ҚОЖА АХМЕТ Хасен – композитор, тарихшы, қоғам қайраткері;
СӘРСЕНБАЙ Рысбек — «Жас Алаш» газетінің бас редакторы, қоғам қайраткері;
БАПИ Ермұрат — «ДАТ» жобасының жетекшісі, қоғам қайраткері;
АЙҒАЛИҰЛЫ Е. — «Қазақстан-Заман» газетінің бас редакторы;
ИСА Қазыбек — «Қазақ үні» газеті президенті, ақын, Халықаралық Алаш сыйлығы лауреаты,
Халықаралық Сергей Есенин атындағы сыйлық — «Алтын күз» ордені иегері.
САРЫМ Айдос — Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қордың жетекшісі, Қазақ
Ұлттық Кеңесі Төрағасының орынбасары;
ШЫМШЫҚОВ Жанкелді — Астана қалалық «Тәуелсіздікті қорғау» ХДҚ
ұйымдастыру комитетінің төрағасы;
ЖАНДАРБЕК Зікірия — тарих ғылымының кандидаты, Ахмет Яссауи атындағы
Халықаралық Түркістан университетінің профессоры;
ЗЕЙНУЛЛИН Аманжол — ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты,
«Дала» институтының директоры;
ҚАДЫРБАЕВА Айсұлу – ақын, қоғам қайраткері;
ҚУАНЫШАЛИН Жасарал – қоғам қайраткері;
ҒАБДОЛЛА Қажымұқан – «Қазақ Елі» газетінің Бас редакторы;
ҚАНАТБАЕВ Серік — ветеринария ғылымдарының докторы;
АЙЫПҰЛЫ Рахым – ЖСДП Президиум мүшесі, қоғам қайраткері;
ҚАЛЫБАЙ Мақсот — Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі сіңірген зейнеткер;
САГИДУЛЛАЕВА Айман – ұстаз, қоғам қайраткері;
БАБАМҰРАТ Дәурен — «Болашақ» жастар қозғалысының лидері;
ЕРҒАЛИЕВА Баретта — Қазақстанның «Демократия және құқық» халықаралық тарихи-құқық
орталығының төрайымы;
ЕРҒАЛИЕВА Гүлжан – журналис, қоғам қайраткері;
КЕНЕБАЙ Жұмаш — ақын, қоғам қайраткері, Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының лауреаты;
ҚОСАНОВ Әміржан – қоғам қайраткері, тәуелсіз саясаткер;
АЛИБАЕВ Алик — экономист, ЖСДП Президиум мүшесі;
КЕНЖЕБАЙ Мырзан – ақын, ҚР мәдениет қайраткері
ТӨРЕХАНОВ Эрнст — жазушы, қоғам қайраткері;
МҰҚАНҒАЛИЕВ Ермек – ғалым, қоғам қайраткері;
МАМАЙ Жанболат — журналист, қоғам қайраткері;
ҚАПТАҒАЙ Қ. — «Халық дабылы» қозғалысының төрағасы;
СӘДУҰЛЫ Бисенғазы — «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
ӘЗІМБАЙ Ғали — саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы;
БЕЙСЕБАЙ ТЕГІ Руза – қоғам қайраткері (Павлодар);
МҰҚТАЙ Қуаныш – ақын;
ЗАЙТОВ Ринат – айтыс ақыны;
МҰҚАНОВ Дәурен — аудармашы, әдебиеттанушы;
КӨШІМ Дос -«Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы;
НҰР-АХМЕТ Дос -«Ұлт патриоттары»қозғалысының төрағасы;
ТАЙЖАН Мұқтар — Болатхан Тайжан атындағы қордың президенті;
БӨТЕЕВ Марат — «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының төрағасы;
ТӘЛІМҰЛЫ К. — Талғар аудандық мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры;
АШУҰЛЫ Ж. — Қазақстан саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы;
МҰХТАРБЕК С. — журналист, қоғам қайраткері;
ҚАНАФИЯ Назарбек — филология ғылымдарының кандидаты;
АҚЖІГІТ Өмірзақ— тәуелсіз журналист;
КӘРІПЖАН Аманғазы — ақын;
Пошта адресі: 050052, Алматы, До востребования-52. Кушаев А., тел.: +7757262054, Электрондық адрес: congres16kz@gmail.com.