Президент Тоқаев Сейтқазы Матаевты марапаттады

Көркем Алдабергенова 01 қар. 2024 20:48 4789

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевты "Құрмет" орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Президенттің атынан орденді Сейтқазы Матаевқа Алматы әкімі Ерболат Досаев табыстады.

Матаевтың мерейтойына арналған салтанатты шарада Президент Тоқаевтың атынан құттықтау хатын Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов оқыды.

Еске салайық, 31 қазанда Қазақстанның Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев 70 жасқа толды.

Сейтқазы Бейсенғазыұлы 1954 жылы 31қазанда Ресейдің Алтай өлкесінде дүниеге келген, алайда оның әскердегі қызметіненкейінгі бүкіл еңбек жолы алдымен кеңестік, алкейін Тәуелсіз Қазақстанмен байланысты.

Әр жылдары кеңестік кезеңде ол ҚазТАГақпараттық агенттігінің, сондай-ақ Қазақстандағы "Индустриальная Караганда"және "Известия" газеттерінің жеке тілшісіболды.

Сонымен қатар, Сейтқазы Матаев Назарбаевтың алғашқы баспасөз хатшысы болған, ол 1991-1993 жылдары тәуелсіздіктің алғашқы күндерінде ел басшылығының ақпараттық саясатына жауапты болды. Одан бөлек, 90-шы жылдардың бірінші жартысында ол Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметін басқарды.

1996 жылы Сейтқазы Матаев Ұлттық баспасөз клубын, ал 2001 жылы Қазақстан журналистер одағын басқарды. Соңғы онжылдықтарда Сейітқазы Матаевтың есімі Қазақстан журналистері мен қазақстандық журналистиканың мүдделерін қорғаумен тығыз байланысты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар