Freedom Inside '26

Президент Референдум өткізуді ұсынды

Президент Референдум өткізуді ұсынды

Тоқаев Конституцияға өзгерістер енгізу үшін референдум өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің саяси жүйесін түбегейлі жаңартуға бағытталған маңызды бастама көтерді. Мемлекет басшысы Конституцияға енгізілетін өзгерістерді халықтың тікелей қатысуымен – референдум арқылы қабылдау қажет екенін айтты.

Президенттің айтуынша, алдағы түзетулердің ауқымы кең әрі елдің мемлекеттік құрылымына айтарлықтай ықпал етуі мүмкін. Соның ішінде ең назар аударарлық ұсыныстардың бірі – Парламенттің құрылымына қатысты. Бұған дейін Тоқаев заң шығару билігін бір палаталы жүйеге көшіру жөнінде бастама жасаған еді. Бір палаталы Парламент: бастысы — саны емес, сапасы

Ақорданың мәліметінше, негізгі мақсат – кәсіби деңгейі жоғары, тиімді жұмыс істейтін Парламент қалыптастыру. Алайда бұл екі палата құрылымын қарапайым түрде біріктіре салу емес, жүйелі әрі терең реформалауды қажет ететін процесс екені атап өтілді.