ҚР Үкіметі аймақтардың дербестігін арттыруға бағытталған бірқатар маңызды шараларды қолға алды. Бұл процесс жергілікті билік органдарына бюджетті жоспарлау, инфрақұрылымдық жобаларды басқару және әлеуметтік қолдау бағдарламаларын іске асыруда үлкен өкілеттіктерді беруді көздейді.
Өңірлік органдардың өкілеттіктерін кеңейту халықтың өтініштері мен қажеттіліктеріне тез және тиімді жауап беруге мүмкіндік береді. Жергілікті билік ресурстарды икемді басқарып, өз облыстарының стратегиялық дамуына, атап айтқанда, өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту және жергілікті білім мен денсаулық сақтау деңгейін көтеруге қатысты шешімдер қабылдай алады.
Өңірлерді дамыту тұжырымдамасы бойынша:
Қолданыстағы жергілікті өзін өзі басқаруды дамытудың тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2023 жылы келесі көрсеткіштер жүзеге асырылды:
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу және облыстардағы аудан әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу;
Сайлау әкімдердің өкілеттік мерзімінің аяқталуына қарай кезең-кезеңімен өткізіледі. 2021 жылдың шілдесі мен 2024 жылдың наурызы аралығында ауылдық округтерде 2 069 әкім сайланды. Пилоттық режимде 42 аудан мен 3 облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау өтті.
Бюджеттің IV деңгей кірістері базасын кеңейту.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде ауылдық округтердің дербестігі үшін бюджеттің IV деңгейіне салықтар мен төлемдердің 25 түрі, оның ішінде 8 салық (төлем көзінен салық салынбайтын ЖТС, жеке және заңды тұлғалардан мүлікке, жерге, көлікке салынатын салық, сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы, БЖС, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы) және 17 салықтық емес төлемдер берілді.
Оның ішінде, 2022 жылы бюджеттің төртінші деңгейіне 4 төлем бойынша түсімдер (БЖС, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем, жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер және жер учаскелерін сатқаны үшін төлем) берілді, 2022-2023 жж. қорытындысы бойынша олардың түсімдері 15,9 млрд теңгені құрады.
Қазіргі уақытта заңнамалық базаны өзгерту бойынша жұмыс жүргізілуде, оның ішінде келесі толықтыруларды енгізу көзделеді:
ауыл әкімі мен аппаратының өкілеттіктерін кеңейту (көше саудасын қадағалау; қоғамдық орындардың сыртқы безендірілуі бойынша жұмысты ұйымдастыру; ойын алаңдарына арналған жабдықтар жұмысын қадағалау; ақылы негізде қызмет көрсету және т.б.);
салықтар мен төлемдердің қосымша түрлерін бюджеттің IV деңгейіне ауыстыру (заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге мүлік салығы; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым; жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияны пайдаланғаны үшін алым, су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер);
мәслихат өкiлеттiгiн кеңейту (әкiмдердiң халықпен кездесулерiнде көтерiлген мәселелердiң шешiмiн әкiмдiктердiң қадағалауы; депутаттардың әкiмдiк бюджет комиссияларының жұмысына қатысуы; қажет болған жағдайда бюджеттi нақтылауға бастамашылық ету);
мәслихат төрағасының өкілеттіктерін шектеу (мәслихат сессиялары, депутаттық сауалдарды бақылау, тұрақты комиссиялардың қызметін үйлестіру және т.б.) және мәслихат аппараты басшысының өкілеттіктерін шектеу (кадр мәселелері, дисциплинарлық және конкурстық комиссиялар және т.б.);
ауыл әкімінің еңбекақы төлеудің кесімді жүйесі бойынша еңбек келісімшартымен тұрғындарды жұмысқа алу мүмкіндігі (механизатор, дәнекерлеуші, сантехник, электрик, заңгер, есепші және т.б.)
Орталықсыздандыру бойынша:
Мемлекет басшысының Жолдауын орындау мақсатында Үкіметтің 21 функциясы тиісті салалық орталық мемлекеттік органдарға және ақпараттандыру, жеке деректерді қорғау, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба және байланыс салаларындағы 12 функция өңірлер әкімдіктеріне қайта бөлінді.
Мемлекет басшысының Жолдауын орындау мақсатында Үкіметтің 21 функциясы тиісті салалық орталық мемлекеттік органдарға және ақпараттандыру, дербес деректерді қорғау, Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба және байланыс салаларындағы 12 функция өңірлердің әкімдіктеріне қайта бөлінді.
Сондай-ақ бүгінде Парламент Мәжілісінде аймақтар әкімдіктеріне 38-ге жуық функцияны және аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарға 18 функцияны беру арқылы мемлекеттік басқаруды әрі қарай орталықсыздандыруға бағытталған бірқатар түзетулер қарастырылуда.
Жалпы бұл шаралар мемлекеттік органдардағы бірінші басшылардың тиісті саясатты қалыптастыруына және барлық деңгейдегі әкімдердің оны жүзеге асыруға жауапкершіліктерін арттырады, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Бюджеттік дербестік бойынша:
Жаңа Бюджет кодексінің жобасында кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығын республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге аудару көзделген.
Қосымша, республикалық деңгейден жергілікті деңгейге төлемдер, алымдар, баждар, айыппұлдар және басқа да төлемдерді беру пысықталуда.
Сонымен қатар өңірлердегі өмір сүру сапасындағы дисбалансты төмендету бойынша өңірлік саясаттың басым міндетін бюджеттік жоспарлауда пайдаланудың минималды стандарттарын енгізу арқылы орындау жоспарланған.
Осы мақсатта жаңа Бюджет кодексі шеңберінде минималды стандарттар түсінігі енгізілуде, атап айтқанда, әлеуметтік, инженерлік-коммуникациялық, көліктік және және басқа да инфрақұрылымның минималды стандарттарын (желілерін) ескере отырып, бюджет шығыстарды жоспарлаудың заңнамалық негізі қаланған.
Аталған қағидалар Құрылыс кодексінің жобасына да енгізілген.
Осы ретте алдағы уақытта республикалық деңгейде тек республикалық маңызы бар жобаларды ғана қаржыландыру жоспарлануда, ал барлық базалық инфрақұрылым ЖБ есебінен қаржыландырылатын болады.