Ұлттық Олимпиада комитеті ҰОК бас хатшысы Жанар Өтешованың қызметінен кетуіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Сенімім жоғалды", - деп түсіндірді Ұлттық Олимпиада комитеті.
Бұдан бөлек Бас Ассамблея мүшелерінің қарауына бас хатшы ретінде ҰОК атқару комитетінің құрамынан Өтешеваны алып тастау туралы мәселе де қаралатын болады.
Айта кетейік, Жанар Өтешова бұл қызметті осы жылдың 28 ақпанынан бастап атқарды.
Еске салайық, 2024 жылғы Париж олимпиадасы аяқталғаннан кейін спортқа жауапты мемлекеттік мекемелерде тиісті аудит жүргізілетіні туралы айтылған еді. Спорт федерацияларының, Ұлттық олимпиада комитеті басшылығы және Туризм және спорт министрі Ермек Маржықбаевтың қызметіне баға берілмек.
"Шынын айтқанда "ана жақ" аса риза емес. Бұл әсіресе бокс пен тенниске қатысты. Онымен бірге фокусты технологиялық спортқа: садақ ату, батут, семсерлесу, бадминтон сынды бағыттарға бұру да ойластырылуда", - дейді DALA INSIDE дереккөзі.
Париж олимпиадасы біраз шешілмеген мәселені ашып берді. Қазақстан мен IBA арасындағы өзара түсініспеушіліктің бар екені, спортшылармен психологиялық жұмыстың жүргізілмегені байқалады. Бәрін тек ақша емес, жеке мотивацияның анықтайтыны айқын білінді. Токио олимпиадасынан ешқандай сабақ алынбаған.