Жамбыл облысында сарбаз соққыға жығылды: аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды

Қаракөз Амантай 16 ақп. 2026 14:21

Жамбыл облысында Гвардейск гарнизонының Әскери полициясы әскери бөлімдердің бірінде әскери қызметшіге күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқиға салдарынан әскери қызметшілердің бірі жақ сүйегінен жарақат алды. Зардап шеккен сарбаз Алматы қаласындағы Әскери-клиникалық госпитальға жатқызылып, оған барлық қажетті білікті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қазіргі уақытта оның денсаулық жағдайы әскери дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, жан-жақты тексеру басталды. Тергеу барысында оқиғаға қатысы бар адамдардың ғана емес, сондай-ақ жарғыға қайшы жағдайды жоғары басшылыққа уақытында хабарламаған және зардап шеккен сарбазға медициналық көмекті ұйымдастыруда олқылық жіберген лауазымды тұлғалардың да әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Тергеу шаралары кезеңінде әскери бөлімнің бірқатар лауазымды тұлғалары қызметтік міндеттерін атқарудан уақытша шеттетілді. Тергеу қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Жағдай Қарулы Күштер басшылығының ерекше бақылауында. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove