Алматы әуежайына 2,16 млн теңге айыппұл салынды

Көркем Алдабергенова 16 ақп. 2026 16:04

Алматы халықаралық әуежайы өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаны үшін 2,16 млн теңге көлемінде айыппұлға тартылды. Бұзушылықтар нысан аумағында және халықаралық терминалда анықталған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сот Алматы халықаралық әуежайы азаматтық қорғау органдарының нұсқамасын орындамағаны үшін жауапқа тартылғанын мәлімдеді. Белгіленген мерзімде Түрксіб ауданының төтенше жағдайлар басқармасы анықтаған кемшіліктер жойылмаған.

Атап айтқанда, контейнерлердің өртке қарсы талаптарды бұза отырып орналастырылуы және Т-2 терминалындағы жоспарлау өзгерістері өрт қауіпсіздігі жүйелерінің жұмысына әсер еткені көрсетілген.

Сот әуежайды ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде - 2 162 500 теңге айыппұл салды.

Сонымен бірге сот әуежай қызметін тоқтатпау туралы шешім қабылдады. Мұндай шараның айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық салдары болуы мүмкін екені ескерілген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove