Президент бейбіт демонстрацияға қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын айтты

Dalanews 14 қаң. 2022 16:46 717

Алматыда алаңға Жаңаөзен шерушілерін қолдап, бейбіт халық шыққаны белгілі. Олар ешқандай бұзақылыққа бармағаны анық. Бірақ бейбіт шеруді террористер пайдаланып кеткені өкінішті.  

Бүгін осы жайтты назарға алған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев прокуратура қызметкерелріне бейбіт шеруге қатысып, бүлікшілік оқиғаларына қатыспаған азаматтардың жазасын жеңілдетуді тапсырды. Бұл жайында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік жеке парақшасында жариялады.

– Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға «Қасіретті қаңтар» оқиғасына қатысып, әртүрлі құқық бұзушылық бойынша ұсталған азаматтардың кінәсінің деңгейін анықтауды тапсырды.

Президент олардың ауыр қылмысы болмаса, жазаны жеңілдету шараларын қабылдауға болады деп санайды.

Бейбіт демонстрацияға қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек. Мемлекет басшысының түбегейлі ұстанымы бейбіт жиналыстар мен митингілер заңға сәйкес өтуі керек. Заңда мұндай жиындардың ескерту арқылы ғана өткізілетіні қарастырылған. Митингілер мен жиналыстарды енді қалалардың орталық аудандарында өткізуге болады. Бұл – еліміздегі демократияны ілгерілетуге бағытталған маңызды қадам, – деді Берік Уәли.  


Бұл – сөз жоқ дұрыс шешім. Бейбіт шеруге шыққан халықтың бүлікшілердің қатырына қосуға боламайды. Мұндай жағдай халықтың билікке деген сеніміне селкеу түсетіні анық.

Егер біз дамуға бет бұрып, жаңа Қазақстанды құруға ниеттенсек, күштік құрылымдардың бейбіт халық құқығын аяққа таптамауы керек. Осы ретте күшітік құрылымдар да Президент тапсырамасын басшылаққа алып, бейбіт шеруге шығып, ұсталған азаматтарды жуық арада бостауы керек.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар