Президент ауыр қайғыға душар болған ата-анаға көңіл айтты

Dalanews 05 ақп. 2019 09:29 815

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өрттен қаза тапқан 5 баланың туыстары мен жақындарына көңіл айтты деп хабар тартты informburo.kz сайты.

– Кеше қаламызда  қайғылы жағдай болды. Өрттен бір отбасының 5 бірдей баласы көз жұмды. Марқұмдардың ата-анасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановқа зардап шеккендерге қажетті көмек пен қолдау көрсетуді тапсырдым, – деді Назарбаев.

Сондай-ақ, Президент өңір әкімдері өрт қауіпсіздігін бақылауды күшейтіп, қажетті тексерулер мен қоғамдық жұмыстар жүргізетінін және бұл жағдай қайталанбауы үшін барлық шараларды қабылданатынын жеткізді.

Еске сала кетсек, 4 ақпанда Астанадағы аудандардың бірінде кенеттен шыққан өрттен 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылғы 5 қыз бала қаза тапты. Оқиға болған сәтте олардың ата-аналары үйде болмаған.

5 қазан күні жүздеген елорда тұрғыны марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар