Президент Алматыда бірқатар ірі компаниялардың басшыларымен кездесті

Dalanews 26 қаң. 2024 07:01 1244

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жасаған жұмыс сапары кезінде бірқатар ірі компаниялардың басшыларымен кездесіп, олардың ой-пікіріне құлақ асты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Айталық, «Astana Motors» компаниясының негізін салушы Нұрлан Смағұлов Президентпен кездесуі кезінде мекеменің жергілікті және республикалық бюджетке 140 миллиард теңге көлеміндегі салықтың, баж, алымдар мен басқа да міндетті төлемдердің төленгендігін айтты.

«Astana Motors» компаниясы еліміз бойынша халықты жұмыспен қамтыған үлкен кәсіпорындардың бірі. Ал оның өнімдері, яғни Hyundai Trans Kazakhstan және Hyundai Trans Almaty зауыттары өткен жылы 48 857 жеңіл көлік және 981 коммерциялық техника шығарғандығын баяндады.

Нұрлан Смағұлов Қазақстанда танымал болып келе жатқан қытайлық көліктерді өндіретін мултибрендтік Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытының құрылысы жүргізіліп жатқандығын, зауыттың болашақта жылына 90 мың автокөлік шығаруға жететіндікін хабарлады. Кездесу соңында Президент Қазақстанда өңдеу өнеркәсібінің, оның ішінде машина жасау ісін дамыту индустриялық саясаттың басымдық беретіндігін айтқан.


Президент «Kaspi.kz» компаниясының жұмысымен алдын ала таныстырылған. Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзенің айтуларына қарағанда Kaspi.kz компаниясының АҚШ-тағы NASDAQ қор биржасында IPO-ға табысты шыққаны туралы, ал бұл биржаларда Amazon, Google, Apple сияқты басқа да жетекші компаниялардың акциялары орналасқан екендігін баяндаған.

Кездесу кезінде мемлекет басшысы компанияның негізін қалаушыларды бұндай жетістіктерімен құттықтады. Сонымен қоса, Президент мемлекетімізге әлемдік шетекші инвесторларды тарту үшін инвестициялық климатты жақсарту болашағы талқыланды.

«Қазақтелеком» Қазақстандағы ең үлкен компаниялардың бірі, қазіргі кезде бұл компания 2025 жылға дейін 5G жылдамдығындағы ғаламторды енгізу жұмыстарымен айналысып келеді. Бұл акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің баяндамасы бойынша, елімізде 7 мыңнан астам базалық станция салу жоспары әзірленген және «Қазақтелеком» ТМД елдері ішінде 5G технологиясын іске қосқан алғашқы және жалғыз компания болғандығын хабарлады. Сондай-ақ, Қазақстан мен Әзербайжан арасында Каспий теңізінің түбімен өтетін Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін салу жобасының іске асырылуы туралы есеп берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевпен кездесуі барысында елімізде әлеуметтік және экономикалық салаларды цифрландыру өте маңызды екендігін, жаңа телекоммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктері еліміздің халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін айқындайтындығын айтты.


Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарын заманауи телекоммуникациялық қызметтермен қамтамасыз ету қажеттігін, сол жолда компанияның барлық инвестициялық жобасын уақыты іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Қорытындылай келе, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына іс-сапары қала мен оның тұрғындары үшін маңызды мәселелерді шешумен басталған болатын. Сапар барысында спорт, сумен қамтамасыз ету, сейсмологиялық қауіпсіздікке қатысты мәселелер жүйесі, аймақтағы ірі компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізді. Әрине, әлі де Алматы қаласының дамуына әсер ететін көптеген мәселелер бар. Сондықтан, осы мәселелерді шешу мен қаланың дамуына Президенттің ықпал ететіндігіне сенеміз.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар