пппп

пппп
Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы ел алдында тұрған жаңа міндеттер аясында ерекше мәнге ие болды,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы ел алдында тұрған жаңа міндеттер аясында ерекше мәнге ие болды,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Ақтөбе облысынан бұл маңызды шараға қатысқандардың бірі – атақты металлургтер әулетінің өкілі, «Қазхром» ТҰК» АҚ Актөбе ферроқорытпа зауытының цех мастері Нұрлан Баймулдин. Ол әкесі мен аталарының жолын лайықты жалғастырып, отандық өнеркәсіптің дамуына үлес қосып келеді.

Баймулдиндер әулетінің жалпы еңбек өтілі металлургия саласында 300 жылдан асады. Бұл тарих Беркін мен Төлеу Баймулдиндерден бастау алып, бүгінде олардың немересі Нұрланның еңбегімен жалғасуда. Қазір ол шлактарды қайта өңдеу цехында ауысым шебері болып жұмыс істейді.

Нұрлан Баймулдиннің еңбек жолы ерекше назар аударарлық: қарапайым слесарь-ремонтниктен басталып, өндірістік ұжым басшылығына дейін көтерілді. 11 жыл ішінде ол өзін білікті маман, ұқыпты тәлімгер және зауыттың қоғамдық өміріне белсене араласатын азамат ретінде көрсете білді. Оның өндірістік процестерді жетілдіруге бағытталған ұсыныстары табысты енгізіліп келеді. Қазіргі таңда оның қарамағында жеті жұмысшы еңбек етеді.

Металлургтер әулеті бірнеше мәрте үлгілі отбасы ретінде танылып, 2016 жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, 2018 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің марапаттарына ие болған.

Нұрлан Баймулдин Президент Жолдауынан кейінгі әсерін бөлісті.

– Елбасының Жолдауы бізге үлкен жігер береді, болашаққа сенім ұялатады. Әсіресе, өнеркәсіптің дамуы, цифрландыру және білікті кадрларды даярлау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуі – біз, еңбек адамдары үшін өте маңызды. Биылғы «Жұмысшы мамандықтары жылы» біздің әулет үшін ерекше мәнге ие. Президентіміздің еңбек адамдарына деген құрметі – үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Жаңа бастамалар жастарға жұмысшы мамандықтарының болашағы бар екенін көрсетіп, еңбек дәстүрін жалғастыруға жол ашады. Үлкендердің тәжірибесі мен қазіргі заманның мүмкіндіктерін ұштастыра отырып, біз мықты Қазақстан құратынымызға сенімдімін, - деді ол.

Баймулдиндер әулетінің тарихы мен олардың бүгінгі ұрпақтарының еңбегі – отандық өнеркәсіптің тірегі және өз кәсібіне адалдықтың айқын үлгісі болып қала береді.