Петропавл бандиттер дәуіріне қайта оралды ма? Фермер Бари Амоев қарақшылар бандасы туралы дабыл қағып отыр

Dalanews 07 жел. 2023 03:12 948

Солтүстік Қазақстан облысында рейдерлікпен айналысып, шаруаларды тонап, егістіктерді өртеп, мал барымталайтын бандиттік топтар пайда болған. Бұл туралы, «Барс» шаруа-фермерлік қожалығының басшысы және «Салахадин» ЖШС-ің директоры Бари Амоев арнайы баспасөз-мәслихатында мәлімдеді.


Мағжан Жұмабаев ауданында егін далаларын өртеп, мал мен техниканы ұрлап, механизмдер мен агрегаттарды істен шығарып, шаруашылықтың жұмысшылары мен олардың отбасыларына қоқан-лоқы көрсететін қылмыстық топ пайда болған. Осы бандиттерден өткен ғасырдың 80-ші жылдарының соңынан бері дәнді дақылдар өсіріп, мал шаруашылығымен айналысып келе жатқан Бари Амоев та зардап шегіп отыр.



Қазіргі кезде ол басқаратын шаруашылықтағы егістіктерінің аумағы 20 мың гектардан асады. Қожалықтың ауыл шаруашылық техникасы мен материалдық базасы, өндірістік және қойма жайлары да бар. Ауыл шаруашылық кәсіпорны Петропавловсктен 200 шақырымдай жердегі Мағжан Жұмабаев ауданындағы «Золотая нив»а ауылында орналасқан. Бари Амоевтың айтуынша ол және оның адвокаттары құқық қорғау органдары мен мемлекеттік атқарушы билік құрылымдарына көптеген арыз, өтініш шағымдар түсірген. Алайда, аудандағы қылмыс тиылудың орнына өрши түсіп, тіпті шектен шыға бастады.

- Жергілікті қарақшылар мені екі рет өлтірмек болды, кездейсоқ оқиғалардың салдарынан олардың пиғылы жүзеге аспай қалды. Мәселен, 2000 жылы түнгі уақытта үйіміздің есігін сыртынан тіреп қойып, өртеп жіберді. Денемді күйік шалғанымен аман қалдым, - дейді Бари Амоев.


Осы іске күдікті үш адам ұсталған. Олар: 1984 жылы туған Кенжебиев Назымбек, 1997 жылғы Папандопол Виталий және оның құрдасы Али Сулейманов. Олардың бәрі де Молодогвардейское ауылының тұрғындары. Үй өртегендері үшін қылмыскерлер 2021 жылдың маусым айында сот үкімімен үш жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сонымен бірге құжаттарда олар үйді емес, моншаны өртеген деп көрсетілген. Шын мәнінде монша үйдің ішінде екенін сотқа дейін тергеу кезінде де, сот отырысы кезінде де есепке алынбады.

https://youtu.be/XnOYqcsWczI?si=ZHQam5dzmi-7vCRQ

Тіпті, адам өлтіру туралы тура қауіптің бары туралы деректер де назардан тыс қалды. 2022 жылдың сәуір айында сот үкімінен кейін 10 ай отырып шыққан Кенжебиев Назымбек өрт үшін сотталған Виталий Попандополдың әкесі Виктормен, 1966 жылы туған Жікемұрат Бубешовпен және «Буржуй» деген лақап атпен танылған Александр Кницельмен бірге Бари Амоевті ұрып-соғып, денсаулығына зақым келтірген. Ал, биыл мамыр айында Бари Амоевтың өндірістік жайлары, қоймалары, техникасы мен құрал-жабдықтары, 730 тонна астығы үш бірдей қасақана өрт қоюдың кезінде жанып кетті. Осы үш өртеудің бірі бойынша полиция А. Кинцельді («Буржуй») ұстап, тергеу изоляторына қамады. Алдын ала есептеу бойынша өрттен келген шығынның көлемі 700 миллион теңгеден асып түскен. Өртеулер егін егу науқаны қызған шақта жүргендіктен, көктемгі егіс жұмыстары тоқтап қалған.

- Мен ауыл тұрғындарымен жиі кездесемін. Олардан үнемі А. Кинцель («Буржуй»), Н. Кенжебиев, В. Папандопол және тағы бірнеше адам «Золотая нива» және «Молодогвардейское» ауылдарын қорқытып ұстап отырғаны туралы шағымдарды көп естимін. Осы топ мүшелері оларға моральдық қысым көрсетіп, ұрып-соғатындықтан ауыл тұрғындары менің шаруашылығымда жұмыс істегілері келмейді, – дейді Бари Амоев.




Оның айтуынша, ол бірнеше рет өз шаруашылығына Қазақстанның өзге облыстарынан жұмыскерлерді отбасыларымен бірге шақырып, оларға үй-жай беріп, алғашқы уақытта ақшалай көмектесіп, мал беріп, жаңа жерде үйренісуіне жағдай жасаған. Алайда, олардың үйлеріне түн ішінде еңгезердей жас адамдар келіп, балағаттап, қорқытып үркіткендіктен адамдар отбасыларын алып, үйлерін тастап қашқан еді. Ауылда шаруашылықта жұмыс істей алатын еңбекке жарамды адамдар болғанымен шаруа қожалығының басшысына комбайнерлерді, шопырларды, механиктерді және басқа мамандарды Қазақстанның өзге өңірлерінен шақырып, олар өздерін қорғай алатындай бір жерге орналастарып қоюға тура келеді.

- Біздің шаруашылықта жұмыс істейтін адамдар жалақыны уақтылы алып тұрады. Жақын маңдағы шаруашылықтармен салыстырғанда біздің жалақы да жоғары, тұрғын үй мен тамақ та тегін. Алайда, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету менің қолымнан келмейді. Жүгенсіз кеткендерді ауыздықтау жалғыз учаскелік полицейдің де қолынан келмейді, - деп мұң шақты Бари Амоев.


Төрт денелі жігіт 70 жастағы Бари Амоевты ұрып тастағаннан кейін де жазаға тартылмады. Қылмыскерлердің кейбірі шартты жаза алса, кейбіріне сот үкімі де шыққан жоқ. Шектен шыққан қылмыскерлер ауыл адамдарын қорқытып үркітуін қояр емес. Қазіргі Бари Амоевтың адвокаттары бірінші және екінші сот инстанцияларының сот актілерін күтумен бірге ҚР Жоғарғы Сотына кассациялық шағым әзірлеп жатыр.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар