29 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қаракөз Амантай 29 қаз. 2025 07:54

"Қазгидромет" РМК 29 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Синоптиктердің мәліметі бойынша, Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Ұлытау облыстарында түнде температура -2…-8°С дейін төмендейді, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз ауа +8…+15°С дейін жылынады. Астанада бұл күні жауын-шашынсыз ауа, күндіз +11…+13°С болады.

Елдің оңтүстігінде жауын-шашын сақталады. Түркістан облысының таулы аймақтарында жаңбыр мен найзағай күтіледі, түнде +7…+12°С, күндіз +19…+24°С. Жамбыл облысының таулы жерлерінде де жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шымкентте ауа температурасы күндіз +19…+21°С шамасында, кешке тұман түсуі мүмкін.

Алматы, Жетісу және Алматы облыстарында да жауын-шашын болады. Таңертең және күндіз аздаған жаңбыр жауады, ауа температурасы +15…+18°С. Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде жаңбыр мен қар түсуі мүмкін, күндіз +14…+19°С. Талдықорғанда түнде +3…+5°С, күндіз +17…+19°С жылы болады.

Батыс өңірлерде ауа райы құбылмалы. Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, кей жерлерде тұман түседі, күндіз +10…+15°С. Атырау облысында жауын-шашын болмайды, күндіз ауа +16…+18°С болады. Маңғыстауда жауын-шашынсыз ауа, жел күшейеді, температура +18…+20°С. Ақтөбе облысында да жауынсыз ауа сақталып, күндіз +13…+15°С болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар