Педагогикалық шеберлікті дамыту: ректор студенттердің ашық сабағына қатысты

Көркем Алдабергенова 30 қаң. 2025 12:27 427

2025 жылдың 30 қаңтарында Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы-ректор Болат Тілеп Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінде ашық сабаққа қатысты. Ашық сабақты Филология факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Адаева Аида Айдаровна өткізді. Сабаққа «Мансап» орталығының жетекшісі, №131мектеп-лицейдің басшысы, білім алушының жетекшілері қатысты, деп хабарлайды Dalanews.kz

Ашық сабақ «Абай жолы» роман-эпопеясының композициялық ерекшелігі» тақырыбына өткізілді. Сабақ барысында білім алушы күрделі терминдерге нақты және егжей-тегжейлі түсініктеме беріп, аудиторияны оқу процесіне тарту қабілетін көрсете отырып, тамаша оқытушылық шеберлігін көрсетті. Оқушылардың белсенді қатысуы да байқалды, бұл топтық жұмысты сәтті бағалауға ықпал етті. Сабақ жоғары деңгейде өткізілді.

Мұндай іс-шараға ректордың және басқа да қонақтардың қатысуы студенттердің бастамаларын қолдаудың айқын үлгісі болып табылады және білім беру мен даму үдерісінде университет басшылығы мен студенттердің өзара әрекеттесуінің маңыздылығын көрсетеді.

Болат Тілеп студенттеріміздің үнемі озық біліммен қарулануына бағытталатын білім беру ортасын қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, студенттер университеттің зияткерлік дамуының негізгі драйверлері екенін атап өтті. Сондай-ақ мектеп оқушыларын елі мен қазақстандықтардың болашақ ұрпағы үшін аса қажет педагогикалық мамандықты таңдауға шақырды.

Сабақ соңында ректор студентке және оның барлық тәлімгерлеріне бүгінгі жоғары деңгейде ұйымдастырылған сабақ барысы үшін алғыс айтты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар