Кездесу барысында спикерлер 3-4 курс студенттеріне практика кезеңінде қажетті ақпарат берді. Мектеп басшылары студенттерді өз мекемелерінде практикадан өтуге және жұмыс істеуге шақырып, педагогикалық тәжірибелерімен бөлісіп, құнды кеңестер берді. Студенттер мен олардың тәлімгерлері сұрақтар қойып, практикадан өтудің түрлі мәселелерін талқылады.
Бір апталық курстың соңында бір жылдық педагогикалық практиканың негізгі мәселелері шешілді. Болашақ мұғалімдер үшін педагогикалық практика – оқу процесінің ажырамас бөлігі, оны сәтті өту – маңызды міндет.