- Құрметті ата-аналар! Менің үлкен бір өтінішім бар. Біздегі кейбір мұғалімдер "Бізге сыйлықтың қажеті жоқ" деген челенджді бастаған. Расында бізге сыйлықтың қажеті жоқ, оған мұқтаж емеспіз. Әсіресе, ол сыйлықты басқа белсенді ата-аналар қысастап, жасатып жатса. Біздің мерекенің шырқын бұлай бұзбаңыздар..., - деп жазды Дінислам Болатханұлы.
Бұған дейін мұғалімдер күні қарсаңында Павлодар облысында "Бізге сыйлықтың қажеті жоқ" (# ustazdarsyylygalmaıdy) деген видеоролик тарай бастаған.
Қалалық және аудандық мектептердің мұғалімдері кез-келген сипаттағы материалдық сый-сыяпатты қабыл алмайтындарын, олар үшін нағыз сыйлық оқушылардың жетістіктері мен жақсы көрсеткіштері екенін айтып, бейнеролик жазып, таратқан.