11 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Бүркіт" ЖСН және прокуратура органдарын үйлестірудің көмегімен Павлодар қаласында синтетикалық есірткілердің ірі жасырын өндірісін жою бойынша операция жүргізді, - деп хабарлайды Dalanews.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеп.
Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы мен үш шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Саяжай алабындағы үйді тінту кезінде 170 келіден "мефедрон", 2 тонна прекурсор, сондай-ақ зертханалық жабдықтар табылып, тәркіленді.
"Қара нарықта" алынған есірткінің құны 4,2 миллиард теңге болса, ал көлемі 680 мың дозадан асады.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.