Алайда, тиісті орындар Шарбақты ауданы мен Ленин кентінің жанынан табылған қасқырларды атуға ресми рұқсат берген.
Мамандардың айтуынша облыс аумағында 212 қасқыр бар. Инспекция күн сайын жыртқыш аңдардың есебін жүргізеді.
– Мониторинг нәтижесінде қасқырлардың адам немесе төрт түлік малға шапқанын анықтаған жоқ, – дейді инспекция басшысының міндетін атқарушы Нұржан Қазтай – 18 қаңтар Ақсу қаласының маңында қасқыр жүргені туралы хабар түскен соң аңшыларға хабарласып, жергілікті полицейлермен «ЕЭК» АҚ станциясына баруды сұраған едік. Аңшылар станцияға жеткенде аңның тұрғын-үй жанынан табылғанын байқап, атып тастаған.
21 қаңтарда көкжалдар Шарбақты ауданындағы шаруаның малына шапқаны туралы ақпарат түскен. Алайда, қойды қасқыр шапқанын ешкім дәлелдемеген.
– Біздің мамандар, полицейлер мен ветеринарлар оқиға орнына барды, – дейді Нұржан Қазтай. – Комиссия малдың өлтірілгенін растаса да, бұл нақты қасқырлардың әрекеті немесе иттердің жасағаны ма, анықтай алмады.
23 қаңтар күні инспекцияға Ленинский поселкісінің әкімі аппаратынан хат келіп түскен. Хатта элеватор маңындағы теміржол арасында 2 қасқырдың жүргені хабарланды. Инспекция Ленинский ауылдық округі аумағында қасқыр санын реттеуге аңышарға арнайы рұқсат берген.