АҚШ–Израиль әскери операциясы басталғалы бері Парсы шығанағы елдері Иран тарапынан ұшырылған 518 баллистикалық зымыран мен 1129 ұшқышсыз ұшу аппаратын (дрон) әуеде тосқауылдаған, деп хабарлайды Dala news.
Мәліметке сәйкес:
•Кувейт 178 баллистикалық зымыран мен 384 дронды жойған.
•Біріккен Араб Әмірліктері Иран ұшырған 182 зымыранның 169-ын қағып түсірген. Жойылмағандары теңізге құлаған. Сондай-ақ 645 дрон атып түсірілген. Тағы 44 ұшқышсыз аппарат ел аумағына соққы жасаған.
•Бахрейн үстінде 70 зымыран мен 76 дрон жойылған.
•Катар 104 зымыранның 101-ін, 39 дронның 24-ін қағып түсірген. Сонымен қатар екі ирандық Су-24 бомбалаушы ұшағы атып түсірілгені хабарланды.
Аймақтағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері жоғары дайындық режимінде жұмыс істеуде. Сарапшылар мұндай ауқымды зымырандық және дрондық соққылар Таяу Шығыстағы әскери шиеленістің жаңа кезеңге өткенін көрсететінін айтады.
Қақтығыстың әрі қарай өрбуі жаһандық қауіпсіздік пен энергия нарығына тікелей әсер етуі мүмкін.
