Парацетамолдың орнын немен алмастыруға болады? - дәрігерлер кеңесі

Dalanews 02 шіл. 2020 08:36 952

Қазақстанда коронавирустың таралуына тосқауыл қою жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы құрамында парацетамолы бар дәрі-дәрмек тізімін жариялады деп хабарлайды Dalanews.kz.




Соңғы күндері парацематолға сұраныс күрт артты. Тұрғындар ыстықты қайтаратын дәрі-дәрмек таппай, дәріхана алдында күні-түні кезек күтуге мәжбүр екенін бұдан хабарлағанбыз. Парацетамол бірқатар дәріханаларда мүлдем жоғалып, бұдан былай жеке қолға көптеп сатылуына шектеу қойылған.

Ал құрамында парацетамол бар дәрі-дәрмек тізімі комиссияның Telegram-каналында жарияланды. Ыстықты түсіретін препараттар қатарында;

  • Парацетамол;

  • ТераФлю;

  • Цефекон;

  • Панадол;

  • Эффералган

  • Цитрамон П;

  • Фервекс және басқасы бар.


Төменде коронавирустың таралуына тосқауыл қою жөніндегі комиссия бекіткен дәрі-дәрмектің толық тізімі бар.



Бұдан бұрын Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жұртты сабырға шақырып, дәрі-дәрмекті себепсіз сату алмауды сұраған болатын.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар