Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының бұрынғы басшысы Марсель Ұзақовқа қатысты үкім шығарды. Оған 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы кесілді. Шенеунік сот залында қамаудан босатылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұған дейін Астана әкімдігінің отын-энергетика кешені басқармасының басшысы ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген еді. Бұл туралы ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктіктің ресми өкілі Арман Тілеукенов растаған болатын.
Шенеунік жеке компания басшысынан үй түрінде ірі көлемде пара алған.
Осылайша 2023 жылы 13 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қала әкімдігінің отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марсель Ұзақовқа қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.