Панам каналы арқылы өту ақысы рекорд деңгейге жетті: кемелер күніне 1,1 млн долларға дейін төлеп жатыр

Панам каналы арқылы өту ақысы рекорд деңгейге жетті: кемелер күніне 1,1 млн долларға дейін төлеп жатыр
AP/TASS

Кемелер Панам каналы арқылы өту үшін миллион доллардан аса қаржы төлеп жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Financial Times мәліметінше, Панам каналының жиі пайдаланылатын шлюздері арқылы өту құқығына арналған күнделікті аукциондарда осы айда орташа баға 1,1 миллион долларға жеткен. Бұл былтырғы осы кезеңдегі орташа көрсеткіштен 16 есе жоғары.

Басылым дерегіне сүйенсек, баға өсуіне Эль-Ниньо құбылысы күшеюіне байланысты су деңгейі төмендеуі және АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс салдарынан Ормуз бұғазы жабылуына байланысты сұраныс артуы себеп болған.