Түркістан облысы Арыс қаласына қарасты Монтайтас ауылының 21 жастағы жігіті, наурыз айының 26-сынан 27-сіне қараған түні, өзінің ауласындағы сарайда асылып, көз жұмған болатын.
Полицейлер тергеу барысында, 21 жастағы марқұм болған жігітке, өзінің ауылдасы құны 9 млн теңгелік автокөлікті күштеп рәсімдеттіргені белгілі болды.
Бұл деректі марқұмның анасы да, растап отыр. Себебі қолсөмкесінде көліктің маркасы мен құнын жазып қалдырған қолхаты болған екен. Бірақ,мұны "Баламның сатып алғысы келіп жүрген көлігі шығар.", - деп мән бермеген едік дейді анасы.
Осы аталған дерек бойынша марқұмды өлімге итермелеген күдікті ауылдасынан сұрақ-жауап алу жұмыстары жүргізіледі.
Егер кінәсі анықталса ҚР Қылмыстық кодексі 105-ші бабымен, яғни «Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу заңнамасымен, 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қазір қылмысқа қатысы деп танылған 25 жастағы жігітке сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілмек.