Беларусьте өзін шіркеу қызметкері ретінде таныстырып, заңсыз діни топ құрды деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Тергеу мәліметінше, ол интернет арқылы «діни қызметтер» ұсынып, адамдарды өз үйіне жинаған. Алайда діни рәсімдердің орнына интимдік сипаттағы топтық кештер ұйымдастырғаны айтылады.
Сондай-ақ күдікті өзінің АИТВ жұқтырғанын қатысушылардан жасырған. Құқық қорғау органдары мұның өзге адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіргенін мәлімдеді.
Ер адам шіркеу салуға қаржы жинайтынын айтып, жұрттан қайырымдылық көмек алған. Алайда тергеу нұсқасы бойынша, жиналған қаражатты ішімдікке жұмсаған.
Беларусь Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, күдікті бұған дейін кәмелетке толмағандарға қатысты азғын әрекеттері және порнографиялық материалдар таратқаны үшін жауапқа тартылған.
Қазіргі уақытта оған заңсыз діни ұйым құру және порнография тарату деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.