Өзбек әншісі Қырғызстан азаматтығынан үмітті

Dalanews 21 шіл. 2016 09:56 1063

Қырғызстанның әлеуметтік желіні қолданушылары бішкектік «Азия MIX» КВН командасының қатысушысы, өзбек әншісі Ситора Фармоноваға қолдау білдіріп, әрі оған Қырғызстан азаматттығын беруді сұрайды.

«Құрметті азаматтар «Азия MIX» командасының қатысушысы Ситора Фармонованы қолдауларыңызды сұраймын. Біздің команда жақында «Голосящий КиВиН» фестивалінде жеңіске жетті. Ситораға Қырғыз республикасының азаматтығын беру қажет деп ойлаймыз. Құрметті Алмазбек Шаршенұлы, Ситораға қырғыз елінің азаматтығын беріңіз», – деп жазады Фармонованы қолдаған әлеуметтік желінің белсендісі Темирлан Аскеро.

Осының алдында хабарлағандай, «Өзбекнаво» эстрадалық бірлестігі әнші әрі актриса Ситора Фармоноваға Өзбекстанда шығармашылықпен шұғылдануына тыйым салған. Себебі әншінің эстрадалық бірлестіктің талаптарын жиі бұзатынымен түсіндірген.

Фармонованың өзі келісімнің мерзімі аяқталғанымен түсіндіреді. Оның сөздерінше, жаңа лицензия алу үшін өтініш берген.

Алайда әлеуметтік желінің өзбек қолданушылары әншінің сахнадағы сөйлеген сөздерін келеке етеді әрі оның қырғыз КВН командасы атынан сахнаға шығуын сынға алады.

 

«ҚмД» ақпарат

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар