“Ойын бизнесі туралы” заң жобасы: Қандай қауіп төнуі мүмкін?

Dalanews 16 сәу. 2024 11:09 3066

Қисыны қисық құрылым: қызметі бірдей пайдасыз ұйымның қажеті қанша?

Қазақстанда қазір құмар ойын бизнесі туралы мәселеұстараның жүзіндей лыпып тұр. Бірер күн бұрын «Ойын бизнесі туралы» заң жобасына мүдделі топ ұсынған бірқатар түзету ресми түрде енгізілді. Оның авторлары әрбір операциядан пайыз алу құқығын алғысы келетін белгілі бір жеке делдал компанияны ұйымдастырғысы келеді. Мұндай құрылым саланың кемшін тұсын толықтырса жақсы, әрине. Бірақ бір-бірінің қызметін айна-қатесіз қайталайтын жеке делдал компанияның құрылуы қажетсіз басы артық буын болумен қатар, бірқатар қауіп төндіреді. Бұл қандай қауіп? Басынан баяндайық.

Жеке деректердің таралып кетпеуіне кім кепіл?

Жоба авторлары ставкаларды есепке алу орталығына бәс тігетіндерді, соның ішінде жас цензурасына сәйкестендіру функциясын беруді ұйғарды. Шын мәнінде, мұнда жеке компанияға – ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМҚ) және салық органдарында деректерге қол жеткізуге және қайталама функциясы бар өкілеттілігін беру туралы мәселе қозғалды. Ең бастысы, бұл жерде миллиондаған қазақстандықтың жеке дерегі бар. Соңғы кездері ел азаматтарының жеке ақпаратының жариялануы байланысты жанжал жиі туындап отыр ғой. Жеке компания жеке тұлғалардың деректеріне ашық қолжетімділік жасамауына кепілдік бар ма?

Салық органының қызметін қайталайды

Ставкаларды есепке алу орталығының тағы бір функциясы – бұл салықтық әкімшілендіру мақсатында ставкаларды есепке алу. Компания өзінің сервері арқылы әр ставка немесе ойын саласындағы басқа операциялар туралы деректерді салық органына автоматты түрде жіберуі керек.Ең сорақысы, неліктен жеке компания мемлекеттік қаржылық есептіліктің ішкі деректеріне тікелей қол жеткізе алады? Қазір қызметіне салғырт қарайтын компаниялардың кесірінен жапа шеккенінен сабақ алатын кез әлдеқашан келген.

Жауапты ойын қағидасын сақтау

Бәс тігулерді есепке алу орталығына беруді көздейтін тағы бір функциясы – барлық букмекерлік кеңсенің жауапты ойын қағидасын қатаң сақтауын бақылау. Яғни, клиенттерді құмар ойынға салынудың қаупі туралы хабардар етіп, бәс тігуді ұнататындардың жасын заңмен белгіленген шектеулерге қатаң сәйкес қадағалау, әр ойыншыға белгілі бір уақытқа ставка жасауға тыйым салу арқылы өзін-өзі шектеуге мүмкіндік беру.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ойын субъектілерінің 21+ жас шегін қатаң сақтау («Ойын бизнесі туралы» ҚРЗ 15-бабының 1-тармағы) және өзін-өзі шектеу құралдарын қолдану («Ойын бизнесі туралы» ҚРЗ 15-1-бабы) міндеті қарастырылған. Бұған қоса, «Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңының 15-бабының 2-тармағына сәйкес, букмекерлік кеңсе жұмысының қағидаларында жауапты ойынның басқа да құралдары, соның ішінде ойыншыларға тәуекелдер туралы, қолдау мен көмектің қолжетімді құралдары туралы ақпарат беру, сондай-ақ өзін-өзі бағалау функциялары көзделеді. Бұл саладағы әрбір компанияның осы талаптарды сақтауды мемлекеттік уәкілетті орган бақылайды. Ендеше қосымша жеке бақылаушы не үшін қажет?

Шығын мен салдар

Мамандардың пікірінше, ставкаларды есепке алатын делдал компанияны енгізу Қазақстан нарығынан заңды букмекерлік кеңселердің кетуіне әкеледі. Бұл елдің заңды елемейтін, ешқандай салық төлемейтін заңсыз букмекерлік кеңселердің клиенттерді әлдеқайда тартымды ұсыныспен өзіне тартатынын ескерсек, бәсекеге қабілеттілікке үлкен соққы.

Әлбетте, заңды бизнес субъектілерінің нарықтан кетуі заңсыз ойын нарығы үлесінің күрт өсуіне себеп. Қазір «қара» және «сұр» құмар ойындар нарығы бүгінде елдегі лудоманияның өршуінің негізгі факторы болып отыр.

Бұған қоса, лицензиясы бар заңды құрылымның құруы салық түсімдерінің азаюына (2023 жылы тек букмекерлік саладан ел қазынасына шамамен 110 млрд теңге салық түскен) әкеледі. Сондай-ақ, бұл әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында букмекерлік кеңселер тарапынан спортты және басқа да маңызды салалар қаржылай қолдаудан едәуір қағылады деген сөз.

Президенттің саясатына қарсы ма?

ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, ҚР Ұлттық Банкі, Әділет министрлігі, Қаржы мониторингі агенттігі сынды заңдылықтың сақталуына жауапты бірқатар негізгі мемлекеттік орган мұның монополияға қарсы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамамен сәйкес келмейтінін айтып, ставкаларды есепке алу орталығы енгізу идеясын сынға алған. Әрі ойын-сауық секторындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы ставкаларды есепке алу орталығы жобасын жүзеге асырудың тиімсіздігі байқалады.

Қаңтар оқиғасынан соң делдал компаниялардың қызметіне Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев тыйым салған еді. Бұған «ӨКМ операторы» сынды құрылым себеп болған еді. Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында монополистердің қызметін заңнамалық тұрғыдан реттеуді, мемлекеттік органдардың функцияларын қайталайтын пайдасыз делдалдық құрылымдардың қызметін тоқтатуды және олардың болашақта пайда болуын болдырмауды тапсырған. Сонда бұл Президенттің пәрменін пысқырмайтын, елдің саясатына қарсы ұйым ба?

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар