Өткен он айда Жетісу облысында экономикалық өсім бар

Dalanews 24 қар. 2023 06:44 750

Биылғы жылдың 10 айында Жетісу облысында экономиканың өсу қарқыны 112,9% құрады. Бұл - республикада ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметі алаңында брифингіге қатысқан Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

- Өткен он айда салалардың ішінде, әсіресе, құрылыс жұмыстарының көлемі 1,5 есе ұлғайды, тұрғын үйді пайдалануға беру – 22,6%, сауда 1,6 есе өсті.

Жыл басынан бері облыс экономикасына 20% өсіммен 240,7 млрд. теңге инвестиция тартылды, оның ішінде жеке инвестициялар – 143,4 млрд. теңге, - деп атап өтті облыс әкімі.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар