Өткен аптада қор нарығында Халық банкі мен Air Astana-ның акциялары жақсы өсті - шолу

Кәмшат Тілеухан 11 қар. 2024 13:22 1414

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы (ҚҚҚ) сарапшыларының нарықтарға шолуы жарияланды. Оған сәйкес, инвесторлар осы аптада жарияланатын ҚазТрансОйл, Kcell, KEGOC компанияларының тоқсандық қаржылық есептерін тағатсыздана күтіп отыр. Ал өткен аптада қор нарығында Халық банкі мен Air Astana акцияларының бағасы жақсы өсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Валюта нарығы

KASE-де жұма күні валюта саудасы қызып, сауда-саттық көлемі 178,4 млн долларға (+24,9 млн) дейін артты, ал USD/KZT жұбы бойынша орташа бағам 491,74 теңге (-0,36 теңге) деңгейінде бекітілді. Бюджет қаражатын игеруде шарықтау шектен өтуге байланысты шетел валютасына деген артық сұранысты қанағаттандыру, Ұлттық қордан алынып, сатылған шетел валютасы көлемінің артуы (қараша айында - 1,5 млрд доллар), тоқсандық фискалдық кезеңнің жақындауы сияқты ішкі факторлар ұлттық валютаға қолдау көрсетуі мүмкін. Сонымен қатар, сыртқы факторлар теріс сипатқа ие: доллар индексінің өсуіне байланысты мұнай бағасы төмендеді.

Бүгінгі, 11 қарашада қор биржасында (11:10 ALA) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 АҚШ доллары 491,71 теңге деңгейінде белгіленді.

Қор нарығы

Жұма күнгі KASE индексі 5 325,6 пункт (+0,31%) белгісінде жабылып, қалыпты өсімді көрсетті. Аталған өсімнің драйвері ретінде қосымша дивиденттер төлеп, акцияларын кері сатып алады деп күтілген Халық банкі (+1,3%) және есептері жарияланғаннан кейінгі айналымдағы акцияларды кері сатып алуды жалғастырған Air Astana (+1,3%) акциялары рөл атқарды.

Бұл аптада инвестордардың басты назары ҚазТрансОйл (13 қараша), Kcell (14 қараша), KEGOC (15 қараша), ВОСА-Air Astana және Қазатомөнеркәсіптің (15 қараша) жариялайтын тоқсандық қаржылық есептеріне аумақ, делінген ҚҚҚ шолуында.

Мұнай

Жұма күні Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы Мексика шығанағындағы мұнай өндірісіне Рафаэль дауылының аздап қана кедергі келтіруі және ҚХР-дың ел экономикасын ынталандыруы (10 трлн юань немесе1,4 трлн доллар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының борыштық жүктемесін төмендету бағдарламасына бағытталады) аясында 73,9 долларға (-2,3%) дейін төмендеді.

Бұл аптада басты назарда ОПЕК (12 қараша) және ХЭА -ның (14 қараша) ай сайын жариялайтын есептері, сондай-ақ EIA жариялайтын (13 қараша) АҚШ-тағы шикізат қоры мен өндіріс көлемі болмақ.

Бұған дейін Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының (ҚҚҚ) Аналитикалық орталығы әзірлеген тағы бір зерттеуімен бөліскен болатынбыз. Оған 2024 жылғы қарашадағы кейбір индикаторлар бойынша қаржы нарығының кәсіби қатысушылары арасында жүргізілген кезекті сауалнама нәтижесі негіз. Ондағы болжамға сәйкес, келесі жылдың аяғына қарай теңгеге шаққанда бір АҚШ долларының құны 507 теңге болуы мүмкін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар