Отырарда тоған арықтар бетондалып жатыр

Dalanews 15 қыр. 2021 08:28 1247

Түркістан облысы, Отырар ауданының Ақтөбе ауылдық округі аумағындағы Р-1 каналы күрделі жөндеуден өткізілуде. Өткен жылы қолға алынған құрылыс жұмыстары Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының тапсырысымен жүзеге асқан, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде құрылыс жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр. Аталмыш су арнасының жалпы ұзындығы 22 шақырымды құрайды.

Жөндеу жоспарына сәйкес маңызды каналдың 11 шақырымы бетон жабындысымен қапталуы тиіс болса, қазіргі жоспарға сәйкес су өткізгіш жүйенің 7 шақырымы жөнделген. Бүгінде тиісті жұмыстар өз жалғасын табуда.

Нәтижесінде, талай жылдардан бері егістікке қажетті ағын су тапшылығын сезініп, жерлері сортаң тартқан аймақ шаруаларының мәселесі шешіледі. Сонымен бірге, 3410 гектар жердің су алу мүмкіншілігі артып 170 гектар жер жаңадан айналымға қосылады.



Мұнан бөлек, «Казсушар» мекемесінің теңгеріміндегі Көларық, Маяқұм, Сумағар каналдарына механикалық тазарту, Көксарай, Есіркеп, Көларық, Маяқұм, Шеңгелді және Ақкөл каналдарының сағасын ашу, Д.Алтынбеков каналының ПК-41-дің су шайған дамбасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар