Әр отбасында атап өтуге тұрарлық еліміз үшін маңызы зор мерекеде аудан тұрғындарының қалтасына ауырлық салмай, мерекелік дастарханға қойылатын азық-түліктермен ауылшаруашылық өнімдерін базар бағасынан төмен бағада көпшілікке ұсынып, мерекені көтеріңкі көңіл-күймен атап өту мақсатында өткен шара тұтынушылардың көңілінен шықты.
Жәрмеңкені тұрғындармен бірге аудан әкімі Ерлан Айтаханов та аралап, тұрғындар мен кәсіпкерлерді егемен еліміздің мерейлі мерекесімен құттықтады.
Жәрмеңкеде аудан тұрғындарына ет, сүт өнімдері мен картоп, сәбіз, пияз, орамжапырақ сияқты көкөніс түрлері нарықтан 15-20 пайыз төмен бағамен саудаланды. Сонымен қатар жәрмеңкеге ауылшаруашылығы өнімдерін терең өңдеу арқасында облыс көлемінде алғашқылардың қатарында тұтынушыларға бағытталған дайын қапталған өнімдер де шығарылды. Солардың қатарында Отырардың брендіне айналып үлгерген «Маяқұм» мен «Отырар» шұбаттары, тарысы мен талқаны, балдай тәтті қауыннан дайыдалған «қауын қақ», «қауынқұрт» өнімдеріне сұраныс жоғары болды.
– Әкімдік тарапынан осындай жәрмеңке алдағы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында да ұйымдастырылатын болады, – деді аудан басшысы аралау барысында.
Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі