«Отбасымен музейге!» фестивальі өтті

Dalanews 26 қыр. 2018 15:16 821

ҚР Орталық музейі «АБДИ» Компаниясымен бірлесе отырып «Отбасы күніне» орай «Отбасымен музейге!» фестивалін өткізеді.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Отбасымен музейге!» фестивалінің негізгі мақсаты – отбасындағы рухани, мәдени құндылықтарды сақтау, жас ұрпақ тәрбиесін қалыптастыру және отбасы институтын нығайту болып табылады.

Аталмыш мерекелік шара бағдарламасында: викториналық сұрақтар, байқаулар, шеберлік-сағаттар, музей мамандарының ел тарихы, мәдениеті туралы тақырыптық сабақтары мен экскурсиялары жүргізіледі. «Отбасымен музейге!» фестиваліне балалар клубы, шығармашылық академиялар, білім беру орталықтары, бейнелеу студиялары, суретшілер, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері, музыкалық ұжымдар және т.б. белсенді атсалысады.

Фестивальдің концерттік бағдарламасын ҚР Халық әртісі, КСРО Композиторлар Одағының мүшесі Мұрат Серкебаевтың басшылығымен, Қазақстанға ғана емес сондай-ақ, көрші елдерге  танымал «Алматы қаласы Әкімінің концерттік оркестрі» ашады. Концертте қазақтың ұлы композиторлары – Құрманғазы, Жаяу Мұсаның атақты классикалық туындылары, опера және балет театры әуендерінің үзінділері орындалды.

Бұл күні Музейде: «Қазақстанның флора және фаунасы» (музейдің қор коллекциясынан); «Жанданған мұра» (музей қорындағы қайта қалпына келтірілген экспонаттар); «Орталық  Азия келбеті» (суретші Гюзель Закированың туындылары) атты көрмелер болады.

Отбасылық сәттер мен балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында музейде 29 қыркүйек пен 10 қазан аралығында «Менің отбасым, менің Алматым» атты көрме жұмыс істейді.

Көрмеге қаламыздың 19 балалар бейнелеу студиялары, шеберханалар,  бейнелеу мектептері мен өнер мектептерінің жұмыстары қойылады.

Фестиваль аясында барлық келушілер арасында ел, қала тарихы туралы викториналық ойындар мен байқаулар ойнатылады: «Бұл не, ол қайда?» слайд-викторинасы, «Әкем, анашым, мен – ең керемет отбасы» атты жеке тапсырмалары бар байқаулар: «Музей гүлі құлпырғанда», «Шығыс аруы», «Біз – музейсүйер отбасымыз», «Біздің отбасымыздың ерекшеліктері», «Мейрамдар әртүрлі болады. Мен бастауындамын...», «Мені түсін».

Фестивальда «By ART» (жет. А. Тюлеубаева) «Матаға жазу салу» перфомансын өткізеді. Оған «Менің отбасым, менің қалам – Алматы» көрмесінің авторлары: суретші-ұстаздар қатысады.

Бұл іс-шараға келген барлық келушілер үшін, қөлөнер түрлері бойынша Қазақстанның белгілі қолөнер шеберлерінен шеберлік сабақтары өтеді. Музей қонақтарын шеберлік сабақтарымен кішкентай шеберлер таңқалдырады: шебер Есалы Айбибі (6 жас), авторлық 45 қуыршаққа арналған киім ұсынатын дизайнер Миргородский Артем (11 жас)  - қыштан сувенирлер жасау тәсілін ұсынатын шеберлік сабағы.

Фестиваль аясында музей 2 акция өткізеді – «Отбасылық жәдігерді музейге сыйла» және «Барлығы да отбасы мен үйге!». Бұл акцияда әртүрлі компаниялардың өнімдері ұсынылатын болады.

Іс-шараға келген барлық музей қонақтарына бүл күн – викториналық ойындар, квестер, алғыс хаттар мен дипломдар, естелік сыйлықтары және де көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар