"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі "Отбасы банк" АҚ-тың жалғыз акционері ретінде аталған банктың директорлар кеңесінің құрамынан Ерсайын Хамитовты шығарып әрі директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен босатты. Бұл туралы 19 мамырда Қазақстан қор биржасының сайтында ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оның орнына Отбасы банктің директорлар кеңесінің төрағасы болып Жандос Шайхы тағайындалды.
Ол бұрын аталған кеңеске "Бәйтерек" ҰБХ өкілі ретінде кірген болатын. Мұндай шешім 30 сәуірде қабылданды. Осылайша, Отбасы банкінің директорлар кеңесі бес адамнан тұрады:
- Жандос Шайхы, Директорлар кеңесінің мүшесі, Отбасы банкі директорлар кеңесінің төрағасы;
- Ләззат Ибрагимова, Директорлар кеңесінің мүшесі, Отбасы банкі Басқармасының төрағасы;
- Санжар Жамалов, Директорлар кеңесінің мүшесі, Отбасы банкінің тәуелсіз директоры;
- Нұрлан Тоқобаев, Директорлар кеңесінің мүшесі, Отбасы банкінің тәуелсіз директоры;
- Эльмира Ермекова, Директорлар кеңесінің мүшесі, Отбасы банкінің тәуелсіз директоры.
Ерсайын Хамитов 2025 жылдың ақпан айынан бастап Отбасы банкінің директорлар кеңесінің тізгінін ұстаған. Ол 2022 жылдың мамыр айынан бастап "Бәйтерек "ҰБХ"АҚ Басқарма төрағасының орынбасары - Басқарма мүшесі болып табылады. Жандос Шайхы 2025 жылдың ақпан айында Отбасы банкі директорлар кеңесінің құрамына алынған. Ол 2024 жылдың сәуір айынан бастап "Бәйтерек "ҰБХ"АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып табылады.