Отбасы банк 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік сыйлықақының ең жоғары мөлшерін қалай алуға болатынын айтты

Dalanews 12 қыр. 2024 17:21 3224

Күз мезгілінде дәстүрлі түрде Отбасы банктегі ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) депозиттерге түсетін салымдардың көлемі артады. Бұл күнтізбелік жылдың аяқталуына байланысты, оның қорытындысы бойынша әрбір салымшыға банктің сыйақысынан басқа мемлекет сыйлықақысы есептеледі.

Мемлекет сыйлықақысы дегеніміз не және ол кімге төленуі тиіс?

Мемлекеттік сыйлықақы тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарына жыл сайын бөлінетін мемлекеттік қолдау шарасы. "Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" заңға сәйкес салымшының таңдауы бойынша мемлекеттік сыйлықақы тек бір тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі бір шотқа ғана есептеледі.

Қазақстанда бұл жүйені Отбасы банк жүзеге асырады. Сондықтан оның салымшылары жыл сайын мемлекеттен бонус алады.

Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесіне қатысушылар мемлекеттен қанша сома алады?

Мемлекет сыйлықақысы 200 АЕК-тен аспайтын сомаға 20% мөлшерінде есептеледі. 2024 жылы бұл 738 400 теңге.

Егер клиент күнтізбелік жыл ішінде осы қаражатты өз депозитінде жинақтаса немесе оны бірден шотқа толықтырса, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша ол ең жоғары сыйлықақыны – 147 680 теңгені алады.

Мемлекеттен 20% көлемінде бонус алу үшін Отбасы банктің салымшылары ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін өз депозиттерін толықтырыпүлгеруі тиіс.

Депозитті толықтыру мерзімі маңызды емес. Яғни салымшы депозитті ай сайын – қаңтардан желтоқсанды қоса алғанға дейін толықтыра алады немесе өзінің жинақ шотына белгілі бір соманы бір рет енгізе алады.  

Жаңа клиент өз салымын қазір ашып, оны жыл соңына дейін толықтырған жағдайда да мемлекеттік сыйлықақыны алады.

Мемлекеттік сыйлықақы әр депозитке тағайындала ма?

Мемлекеттік сыйлықақы Отбасы Банкінде ашылған бір салымшының бір салымы үшін тағайындалады. Егер бір салымшының Отбасы банкінде бірнеше салымы яғни бірнеше депозиті болса, онда мемлекеттік сыйлықақы олардың біреуіне ғана есептеледі.

Сіз Otbasy bank Lite мобильді қосымшасында мемлекеттік сыйлықақы қай депозитке есептелетінін тексеріп, қажет болған жағдайда оны ауыстыра аласыз.

Мемлекеттік сыйлықақы өткен жылдарда депозитте жиналған қаражатқа есептеле ме?

Мемлекеттік сыйлықақы бұрын сыйлықақымен марапатталмаған сомаға ғана тағайындалады. Яғни, жыл сайын ағымдағы жылы толықтырылған жаңа жинақтар мен өткен жылы марапатталмаған жинақтардың қалдығы есепке алынады.

Мемлекеттік сыйлықақы қандай жағдайларда бюджетке қайтарылады?

- егер салымшы тұрғын үй құрылысы жинақақшасын үш жылдан аз уақыт жинаса және тұрғын үйқұрылыс жинақтары туралы шартты мерзімінен бұрын бұзса;

- егер салымшы тұрғын үй құрылыс жинақтарытуралы шарт бойынша құқықтарын, яғни депозитінҚазақстан Республикасының азаматы болыпта былмайтын тұлғаға берсе;

- ақша үш жылдан кем уақыт бойы жиналған кезде,несие берілген күннен бастап күнтізбелік он төрт күнішінде қарызды қайтарған жағдайда.

Отбасы банктің депозиттік базасы жыл сайын өсіпкеледі және бұл халықтың тұрғын үй құрылысы жинақжүйесіне деген сенімін көрсетеді. Қазіргі таңда банкте2,8 миллионға жуық жинақ шоттары ашылған. Жылдық2% мөлшеріндегі сыйақыны және 20% мөлшеріндегі мемлекеттік сыйлықақыны ескере отырып, салымдар бойынша тиімді сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,4%-дан 17,1%-ға дейін (мемлекет сыйлықақысын ескергенде).


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар