Өскемендік мінезді шендінің ісі мемлекеттік қызмет істері агенттігінде қаралатын болды

Кәмшат Тілеухан 04 қаз. 2025 14:17

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қатысқан жиналыста түсірілген видео бойынша істі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті қарайтын болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қатысқан жиналыста түсірілген видео бойынша келесіні хабарлаймыз: ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаменті этикалық кодекс талаптарының бұзылуы фактісі бойынша тәртіптік іс қозғап, қызметтік тексеру бастады. Соның нәтижелері ШҚО Әдеп жөніндегі кеңесте қаралады. Сонымен қатар облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тағы қосымша ақпараттар түскен кезде хабарлап отырамыз", делінген облыс әкімдігінің түсініктемесінде.

Бұған дейін 1 қазанда әлеуметтік желіде облыс әкімдігінің онлайн отырысының видео көшірмесі тарады. Видеодан басқарма басшысының міндетін атқарушы Асқар Можановтың әдепсіз сөздер айтқанын көруге болады. Туризм және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Балым Адамиденова өз қарамағындағы қызметкер әрекетіне қатысты түсініктеме берген болатын. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар